Қоғам

Балаңыз тамақ ішпейді: Неге екенін өзінен сұрап көрдіңіз бе?

Бала тәрбиесі кез келген ата-ана үшін маңызды фактор. Қазір алыс шетелді айтпағанда, қазақстандықтардың өзі жаппай түрлі курстарға, бала тәрбиесіне қатысты тренингтерге қатысып, ақшаларын құйып жатыр. Ешкім баласының ақымақ немесе тілазар болғанын қаламайды. Ал ол үшін ата-ананың тәрибесі керек екенін біледі. Сондықтан да қазір баланы бағу туралы түрлі кітаптар да шыға бастады.

Қазақ баласын салт пен дәстүріне қарай тәрбиелейді. Ата-әжесінің қолына беріп, олардың ақылын, ертегісін тыңдасын дейді. Бұл бұрыннан келе жатқан үрдіс. Тек қазір ХХІ ғасырда ата мен немере арасындағы байланыс үзіліп кеткен. Біріншіден, тұңғышын ауылға жіберіп, үлкендерге бақтыруға қорқатын аналардың қатары артты. Олардың түсінігінде баласы бір жерін мерттіктіріп алуы мүмкін. Екіншіден, қазір ауылдағы үлкендерді қалаға әкеліп, төрт қабырға ішінде немересін қарауға көндіреді. Бақшада, тау мен су арасында өскен бала мен төрт қабырға ішінде немесе есік алдындағы қоршау ішінде өскен баланың танымы туралы екі түрлі жауап беруге болатынын сіз бен біз жақсы білеміз. 

Дастархан басында отырған балаңыз тамақ ішпесе бірден ұрсасыз немесе қол көтересіз. Ол жылаған сайын жылайды. Тіпті тамақ жемек түгілі, орнынан тұрып, төсекке барып бүк түсіп жатып алады. Ал кей баланы қорқытып тамақ жеуге мәжбүрлейміз.

Ата-ана ешқашан баланың рөліне кірмейді. Оның деңгейіне түсіп ойланбайды. Себебі баланың тамақ жемеуі олар үшін тіл алмайтын, ақылы жоқ секілді елестейді. Мұны кім жақсы көрсін. 

Дәл осы мәселеде педагог, оратор әрі жазушы Дейл Карнеги мынандай кейсті баяндап береді. 

Оның авторлық курсына қатысушылардың бірі баласының тамақ ішпейтінін айтқан. Оған дәстүрлі тәрбиеге салып ұрсатынын, тамақ ішсе ақылды боп өсетінін айтқан. 

Бұл жерде бала ата-анасының сөзіне құлақ асты деп ойлайсыз ба?

Әрине, жоқ.

Кішкентай баланың миында болып жатқан нәрсені 30 жастағы әке түсінуі мүмкін бе? Жоқ. ендеше не істеу керек? Әкесі қателігін түсініп өзіне «Бұл балаға не керек? Менің қалауым мен оның қалауын қалай ұштастыруға болады?» деген сұрақ қойған. Осы сұрақтан кейін тамақ туралы проблема шешілген. Қалай?

Баласы күнделікті есік алдында велосипедімен ары-бері жүргенді жақсы көрген. Тек көшенің шет жағында толық келген бұзық бала, оның велосипедін тартып алатын болған. Бала анасына жылап келеді, анасы барып одан велосипедті тартып алады. Бәрі осылай қайталана берген. 

Олай болса, баланың қалауы не? 

Бұл жауапты табу үшін курсқа қатысудың немесе Шерлок Холмс болудың қажеті жоқ. Тек баланың жан дүниесі қалап тұрған нәрсені орындау керек. Бала сол бұзық баланың мұрнын бұзып, кегін алғысы келген. Осыны сезген әкесі келесі жолы тамаққа отырған кезде баласына: «Анаң берген тамақты жей берсең, күндердің бір күні сол тентектің жазасын беретін боласың» дейді. Осыдан кейін тамақ ішпеу туралы мәселе көтерілмеген.

Дәл осы мәселе туралы профессор Оверстрит былай дейді: «Ең алдымен басқа адамдардың қызығушылығын туғызуа білу керек. Бұлай істеу қолынан келсе, бүкіл әлемді өзіне дос етеді, қолынан келмесе, жалғыз қалады». 

«Qadam.asia»

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button