Қоғам

Биыл елге 4 мың қандас көшіп келді

Жыл басынан бері Қазақстанға 3966 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Бұл жайлы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Жалпы, Қазақстанда 1991 жылдан бері 1 млн 750 мыңға жуық этникалық қазақ көшіп келген.

Осы жылдың басынан бастап елге келген қандастардың жартысынан астамы (75,6%) Өзбекстаннан, 11,9% – Қытайдан, 5,8% – Түркіменстаннан, 3,0% – Моңғолиядан және 3,6% – басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (32,6%), Түркістан (16,5%) және Маңғыстау (14,2%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (12,0%) және Нұр-Сұлтан (5,4%) қалаларына қоныстанды.

Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,9%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 24,1%-ды және зейнеткерлер 16,0%-ды құрайды.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button