Қоғам

Елтаңбаның авторы Шота Уәлиханов өмірден озды

Қазақстаның елтаңбасының авторы Шот-Аман Уәлиханов дүниеден озды.

Танымал қазақ және кеңес сәулетшісі, Қазақ ССР Еңбек сіңірген архитекторы Шот-Аман Ыдырысұлы 88 жасына қараған шағында көз жұмды.

26 сәуір күні ғалым 89 жасқа толар еді.

Алматыдағы Тәуелсіздік монументінің, Семейдегі Шоқан Уәлиханов пен Шәкәрім ескерткішінің, Қазақстан Елтаңбасының авторы.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова көңіл айтты.

«Ғибратты азаматтың асыл бейнесі, ерен еңбегі туған-туыс пен қалың қазақтың көңіл төрі мен жүрек түкпірінде мəңгі сақталады.

Марқұмның көзі тірісінде жасаған игі-жақсы амалдары алдынан жарылқасын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа, алды пейіш, арты кеніш болсын», – деп жазды Райымқұлова әлеуметтік желіде.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button