Қоғам

Министр: Ауыл тұрғындарына үй салуға субсидия беріледі

Биыл ауыл-аймақта 2855 жер үй салынып, жұмысшыларға берілмек. Бұл жайлы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде айтты.

Оның айтуынша, ауылда жұмысшыларына үй салған жұмыс берушілердің баспана салуға кеткені шығыны жартылай өтеледі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жұмыс беруші ауылда өз қызметкерлеріне тұрғын үй салса, шығындарының 50 пайызын субсидиялау тетігін енгізу пысықталып жатыр. 1 шаршы метрінің құны 100 мың теңгеден аспайтын үйді пайдалануға бергеннен кейін жұмыс берушілердің шығындары субсидиялауға жатады. Үйдің жалпы ауданы – 100 шаршы метр», – деп түсіндірді министр.

Оның ескертуінше, жұмыс беруші мен жұмысшының арасында 5 жылдың еңбек келісімшарты жасалуы тиіс. Сонда ғана үйдің шығынын жабуға қаржы бөлінеді.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button