Қоғам

Оспан батырдың қытай әскеріне соққы жасауы

Шығыс Түркістанда азаттық қозғалысын бастаған Оспан батырдың басты мақсаты – Алтайдағы қытайларды қуып шығу еді. Бұл мақсатқа қазақтың соңғы батыры жеткендей де боп еді. Сондай шайқастардың бірі – Көктоғай маңында болған ұрыс. Бұл ұрыс жайлы Нұрғожа батыр былай деп еске алады. Батырдың «Азаттықтың өшпес рухы» атты кітабында жазған естелігін толық ұсынып отырмыз.

Жұт ағайынды болғандықтан, сол жылы жеті жұт бір-ақ келген еді. Қытайлар қолда бар азықтарын жеп болды. Қытай қашуға айналды. Алтайдағы соншама қытай армиясының жейтін түгі қалмады. Ондай қалың күшке айырпланмен де азық тасу қиын болды. Біз де айырпланды атып түсіріп тоқтатпадық.

Дәл осындай ауыр жағдайда тұрғанда екі метрге дейін қар жауған Көктоғай қаласын қоршап алып, зеңбірек астына алғалы тұрдық. Жау жер астынан шығып алып, жаяулы, атты болып Сартоғайға қарай қашты. Ол қырылып отырып Қаратүнкеге келді. Ол жерден түре соғысып Сартоғайға алып келдік. Сартоғайда төрт күн шайқас болып жау армиясы Дабысынға қарай қашты. Соғыстың алдың, ашып қойдық.

Қытайлар Дабысынға келгенде ол жалтаң жер болып, қытай шыдап соғыса алмады. Дабысында 12.000 әскери күш болып, ол күнде ол жерді қытайлар «Зұң бұ» деп атайтын. Осы Зұң бұдан айдап шықтық.

Екінші жақтан Бұлғындағы 7.000 жау әскерлері Жарынтыны иелеп алып, көп уақыттан бері бізге ауыр зиян кетіріп тұрды. Олардың да азық-түлігі таусылды. Екі күндік шайқастан соң қашып Дабысынға келді. Дабысынды тас-талқан қылғаннан кейін, бұл армия Шонжыға шегінуге мәжбүр болды. Сол жылы У Жуши келіп, ауыр жағдайда тұрған Шынжаңды жөнге саламын деп «жоғарғы Көктоғай, Шіңгіл, Бурылтоғайдағы 60.000 армия шегініңдер. Алтайды Оспан өзі билесін. Алтай уәлиі Кау Жоянды қайтып келжін» деген еді.

Соншама қалың күш азықсыз қалып, У Жушидің нұсқауын қабылдаған болатын. Біз солай болса да бұл армияны оқпен ұзатып салуды дұрыс көрдік. Алпыс мың армиядан Шонжыға не бары 7.000-ға таяу армия өтіп, 53.000-нан астамын қырдық.

Қытай бандиттері бізді, Шығыс Түркістан мұсылмандарын үш жүз жыл өлтірген болса, біз не бары 17-ақ күн сұрапыл соғыс жүргізіп, осыншалық санға ие Шың Сысай бандит армияларын қырып тастадық.

Біз елді айдап, жауды қоршағанда осыншалық зор нәтижеге қол жеткіздік. Біздің шығын да аз болмады. Талай ерлеріміз құрбан болды. Монғолия бізді алдап малды жұтатып, 18.000 адамды аштан өлтіріп, 1.300.000-нан астам мал ақ сүйек болып қалды. Көшпелі ел қазақ үшін ауыр зиян болды.

1945 жылы 5 тамызда «Екі жақ бітім жасадық. Жендет Шың Сысай кетті. Демократиялық жаңа өкімет құрамыз. Жолымыз Сан Мын Жұй. Алтайдағы қытай армиялары шегініп, Алтай құқығын Оспан өзі өткізіп алсын» дегендіктен мен өзімнің күрес жолымды уақытша қайырып қойдым.

Өйткені көшпелі ел қазақтардың малы жұтап, адамдары аштан өліп, жер-жерде қазақтар үшін болатын зиян өте ауырлай бастады. Оның үстіне бізге Шығыс Түркістан құрып беретін орыс пен монғол жасырын тәсіл қолданып, қойдың басын көрсетіп, иттің етін сата бастады. Оспанды да ептеп ептеп жоғалтуды, Оспаншыларды да ептеп атып тастауды ойластырып, өзіміз сенген Дәлелханды қолдарына қондырып, басқаша жұмыс істей бастағандықтан біздің бір бөлім адамдарымыз жіктеле бастады. Осы жағдайды көре отырып мен ең алдымен тыныштық бітім дегенге мақұл болдым. У Жушимен болып жатқан әңгімені біртіңдеп Оспанға білдіріп отырдым.

Сол себепті мен өлкелік өкіметке тағы бітім жолын іздеп барған едім. 1945 жылы 7 шілдеде «Шын Силиң шақырып жатыр» деді. Машина келген екен. Сол машинаға отырып генеральный соғыс мекемесіне барсам, сап-сарала бір адам отыр екен. Жанында аудармашы болып Бұрхан Шахиди отырыпты. Аман-сәлем болмады.

– Шіңгіл – Көктоғай – Бәйтік жеріне барған 60.000 армиядан Шонжыға 7.000 адам әрең келді. Қытайды осынша қыратын бізде не әкеңнің құны қалған еді? Онша қытайды кімнің күшіне сүйеніп өлтірдіңдер? Қандай бітім жасағың келіп жүр? Сенің бітім дегенің жалған іс. Біздің ішкі сырымызды білгің келіп жүр, – деді.

– Мен Алтайға бітім іздеп барғанда, ондағы Уаң Силиң да осы идеяда болып, елден маған хабар әкеле жатқан бауырым Кәбілді жолдасымен қала сыртында атқызып тастаған еді, – деп жауап қайырдым.

Бұрхан аударды.

Мен сөзімді жалғастырып:

– Біздің қазақтың мынадай мақалы бар: «Қонағым артыңа қарап сөйле!» дейді. Сіз де артыңызға қарап сөйлеңіз. Ең әуелі 1940 жылғы бітім қайда? 1940 жылы Монғолиямен бірлесіп алып, 4.500 үйді Бұлғын жалпағында қырып, 11.000 қатын-баланы қырып тастағаныңызды білемін. 1738 жылдан қазірге дейін Шығыс Түркістан мұсылмандарынан қазіргі тірісінен көбірегін, яғни 6 миллион мұсылманды өлтіріп отырсың. Ал арғы тарихтан алып айтқанда, сонау Ғұн түрік тарихынан бері бүкіл Түркістанды қыз беріп, бірін бірін салып қырып келесің. Қазіргі Бейжин, сол кездегі Ханбалық түріктің сұлу патшасының астанасы еді. Олардың ұрпағы қайда? Естемидің Тардұш дейтін ұлы Күшардан бір миллион адамымен қашып барып пана іздеген еді. Соның ұрпағы қайда? Сенің жерің ұзын қорғанның іші еді. Бұл жерге осыншалық күшпен бізді жаулап алатын сенің не әкеңнің құны бар? Егер екі жағымыз ата құн даулайтын болсақ, онда менің ата-бабамның құны сенде. Сенің ата-бабанның менде құны жоқ. Бұл тұрған жерін тарихтағы Түркістан жері. Орта Азия Түркістан елдерін баса билеу, оны өлтіріп құрту құқығын сен кімнен алдың? Түркістан қазақтарын сатып алып па едің? Не үшін сен бізге ұлттық билік құқығын бермейсің? Адам өлтіруді кім бастап келеді? Сенің үш жүз жылдық езгіңе біз 17 күн ғана қарсылық істедік. Осыны көп көріп отырсың ба? Осы Жұнғарияда дәуіріміздің І ғасырында 630.000 қазақ бар едік. Сол кезде қытай ішкі өлкеде 150.000 адам едің. Қазір сен қанша? Біз қанша болып отырмыз? – дедім.

Бұрхан аударды. Жеткізе аударды. Бұл генерал басыла берді. Ары-бері жүріп келіп күлді де:

– Бітім жасау дегеніміз орынды пікір екен. Жанымхан, Әлең сіздермен бірге келді ме? – деді.

– Бітім болса деген пікірді Әлен, Жанымханнан бұрын, У Жушиге мен айтқан едім, – дедім.

Бұл іс осымен тоқтап қалды.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button