Қоғам

Telegram қазақ тілін ресми түрде қосу үшін сіздің үлесіңіз керек!

«Вконтакте» әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Павел Дуровтың екінші жобасына айналған «Телеграм» мессенджері соңғы уақытта қазақстандықтардың арасында белсенді түрде қолданыла бастады.

Қазақша ақпарат беретін топтар, каналдар ашылып, халық ақпаратты сол жерден ала бастады. Атап айтқан кезде, 42500 теңгені беру және оны түсіндіру жұмыстарын жүргізген кезде телеграм каналы жаппай халық арасына тарала бастады.

Бірнеше күн бұрын ғана телеграм қазақ тілінде қолдануға болатын мүмкіндік берді. Аударма толық дайындалып, статусы beta болып өзгерген. Ендігі мәселе, телеграм қазақ тілін пайдаланатын оқырман саны көбейген кезде ресми түрде аудармалар тізіміне қосады. Ал бұл әрекетті тездетіп жүзеге асыру үшін сіз бен біздің көмегіміз керек.

Телеграмның қазақша нұсқасының сілтемесі. 

Сілтемеге өтіп, мессенджерді қазақшаға ауыстырып қойыңыз және ана тілімізге деген мәртебенің өсуіне мұрындық болыңыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button