Қоғам

Утилизациялық алым: Қай ел қанша төлейді?

Қазір утилизациялық алым әлдеріне жаппай енгізілуде. Қазақстанға да жақын енді. 2016 жылы енген. Бірақ алымның сомасы әр елде әртүрлі.

Утилизациялық алым деген не?

Тауарды утилизациядан өткізу үшін, яғни, зиянды қалдықтарын жою үшін алынатын салықтың түрі. Былайша айтқанда, үкіметтің автоөндірушілерден экологияны қорғау үшін алатын алымы. Утилизациялық алымның арқасында жекелеген компаниялар субсидия беріліп, олар ескі көліктерді жоюмен айналысады.

Қазақстан

Қазақстанда утилизациялық алым базалық ставкамен есептеледі де көлік түріне қарай көбейтіледі. Яғни, базалық ставка – 50 АЕК (2021 жыл – 145 850 теңге). Осы базалық ставка автокөліктің түрі мен категориясына қарай арнайы шығарылған коэффициентке көбейтіледі.

Мәселен, қозғалтқышы көлемі 2.5 литрлі Toyota Camry-ге 1 458 500 (3 460$) теңге төлейсіз. Ал 3.5 литрлі Toyota Sienna-ны тіркеу үшін 3 354 550 теңге төлеуге әзір болыңыз.

1 литрлі көліктерге – 437 550 теңге

1.1 литрден 2 литрге дейінгіге – 1 020 950 теңге

2.1 литрден 3 литрге дейінгіге – 1 458 500 теңге

3 литрден жоғарыларға – 3 354 550 теңге

Ресей

Ресейдегі утилизациялық алым да Қазақстандікіне ұқсас. Бұл елде аталмыш алым 2012 жылы кедендік одақпен бірге енген.

Базалық ставка*Коэффициент түрінде есептеледі.

1 литрлі көліктерге – 106 000 рубль (604 мың теңге)

1.1 литрден 2 литрге дейінгіге – 165 200 рубль (941мың теңге)

2.1 литрден 3 литрге дейінгіге – 322 400 рубль (1 млн 837 мың теңге)

3 литрден 3.5 литрге дейінгіге – 570 000 рубль (3 млн 250 мың теңге)

3.5 литрден жоғарыларға – 700 200 рубль (4 млн теңгедей)

Жеңіл көліктерге базалық ставкасы – 25 мың рубль (142 мың теңге), ал жүк көліктеріне – 187 мың рубль.

Украина

Утилизациялық алым 2013 жылы енгізілген. Жеңіл көліктің бәріне бір алым салынады – 5500 гривен (85 мың теңге).

Еуропа

Еуропа одағы елдерінің утилизациялық алымы бәріне ортақ. Шамамен, жаңадан сатып алған көлікті тіркеу үшін 100 еуро төлеу керек. Нидерландыда мүлде 45 еуро ғана.

Жапония

Жапонияда утилизациялық алым импорт және экпорт болып бөлінеді. Жапонияның өзінде өндірілген көліктерге алым бір-ақ рет төленеді. Сомасы көліктің қозғалтқыш көлеміне байланысты. Бірақ 130 доллардан () аспайды. Kei car көліктер – 90 доллар төлейді.

Ал импорт көліктер 190 доллардай. Импорт көліктердің көбі салмағы ауыр болғандықтан көбірек төлейді.

АҚШ

АҚШ-та шағын көліктердің утилизациялық алымы – 100-200 доллардың, толық көлемді көліктердікі – 150-300 доллардың арасында. Ал жүк көліктер мен ауыр техникалардікі – 300-500 доллардың шамасы.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button