Қоғам

Зейнетақы қорындағы ақшамызды алу үшін қалай өтініш береміз? (ИНСТРУКЦИЯ)

«Отбасы Банк» 2021 жылдың қаңтар айынан бастап зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалануға арналған онлайн платформаны іске қосады.

Бұл туралы «Отбасы банк» Басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова мәлімдеді.

Басқарма төрайымы бұған дейін: «Банктің дамыған инфрақұрылымы, ақпараттық және технологиялық қоры тұрғындарымызды, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарымызды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарын жеделдетеді, үй алуға кезек құру жүйесін басқару мүмкіндігін кеңейтеді, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға баспана алу рәсімін оңтайландырады, – деп мәлімдеген болатын.

Бұл туралы «Qadam.asia» сайтында жарияланған «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Отбасы банк» болып өзгерді» атты мақаладан оқи аласыздар.

«Отбасы банктың» бұл онлайн платформасы Зейнетақы қорындағы ақшаларының бір бөлігін алғысы келген адамдар үшін өте қолайлы.

Онлайн платформа арқылы зейнетақы жинақтарына қол жеткізу үшін сізде электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы керек. Алайда, ЭЦҚ-ның жарамдылық мерзімі аяқталмаған болуы тиіс.

Зейнетақы жинақтарының қол жетімді бөлігін БЖЗҚ (ЕНПФ) порталында немесе egov.kz порталында нақтылауға болады.

Л.Ибрагимованың айтуынша, портал өте қарапайым болады. Онда сіз зейнетақы жинағыңызды қандай мақсатқа жұмсағыңыз келетінін біртіндеп анықтай аласыз.

Порталда зейнетақы жинақтарын қандай мақсатта пайдалана алатыныңыз жайлы ақпарат толық көрсетілетін болады.

Өтініш беру үшін сізге келесі қадамдарды орындау керек:

  • порталға кіріп, ЭЦҚ арқылы тіркеліңіз, сосын Жеке кабинет ашыңыз;
  • өтінім беруші қаражатты қандай мақсатта жұмсамақ болғанын таңдау қажет. Әр мақсаттың жеке құжаттар тізімі бар, оларды алдын-ала сканерлеп алу керек;
  • қолданғыңыз келетін соманы көрсетіңіз;⠀
  • «Сұранысты жіберу» батырмасын басыңыз;
  • өзіңізге тиесілі ЭЦҚ көмегімен БЖЗҚ-дан (ЕНПФ) қаражат сұрауға қажетті үш өтінімге қол қоюыңыз керек;
  • содан кейін өтінім беруші (егер арнайы шоты болса) «БЖЗҚ-ға өтініш жіберу» батырмасын басады;
  • алуға болатын соманың нақты көлемі туралы хабарлама келгеннен кейін, өтінім берушіге құжаттарды жүктеуге арналған терезе ашылады. Құжаттар арнайы шотқа қаражат түскеннен кейін 45 жұмыс күні ішінде жүктелуі керек. Әйтпесе, олар БЖЗҚ-ға (ЕНПФ) қайтарылады.

«Qadam.asia»

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button