Қоғам

Жаңа үй vs бұрынғы үй: Қайсын алған тиімді?

Тұрғын үй нарығы баспананы екі түрге бөледі: бірінші нарық және екінші нарық. Бірінші нарық дегеніміз – жаңадан салынған не салынып жатқан үйлер, екінші нарық дегеніміз – бұрын салынған үйлер. Жер үйді де, көпқабатты үйді де осы екі топқа бөліп қарастыруға болады.

Үй сатып алуға келгенде тұрғындардың ойы екіге бөлінеді. «Жаңа үй алайын ба әлде бұрынғы салынған үйді алған дұрыс па?» деген ой талас-тартысқа түседі. Қай үйді алайын десе де, іштей күдік бар. Ендеше жаңа үйдің артықшылығы мен кемшілігі не, бұрын салынған үйдің қандай плюс-минусы бар, соған тоқталып өтейік.

Жаңа үй (құрылыс компаниясынан тікелей алған үй)

Жақсы жағы:

– Жаңа инженерлік жүйе (бүлінбеген, жөндеу көрмеген, бәрі таза)

– Таза жертөле

– Заманауи лифт

– Кіреберіс есік кең, кейбірінің алды-артында есігі бар

– Тұрғын үй кешені қоршалған, абаттандырылған

– Балалар алаңы тыныш, қауіпті емес

– Үйдің іші кең, төбесі биік, қосымша бөлме мен орындар бар

– Жөндеу жасау оңай

– Бағасы арзандау

– Сатып алу оңай – ипотека, бөліп төлеу, серіктес банктермен аз пайызға алуға болады

Кемшілігі:

– Құрылыс сапасы күмән тудырады

– Көршілердің бәрі шетінен жөндеу жасауға кіріседі де, шу көбейеді, оған айналада жүргізіліп жатқан құрылыстың шуын қосыңыз

– Су мен жылу уақ-суақта тоқтап қалуы мүмкін (құрылыс жұмысы жүріп жатқандықтан)

– Жауын-шашын өтіп кетуі мүмін

–  Инфрақұрылым нашар болуы мүмкін (көбінесе, жаңа үй қаланың шетінде)

Бұрынғы үй

Жақсы жағы:

– Көшу тез, аз уақыттың ішінде баспаналы боларсыз

– Құрылыс салынып, уақыт тезінен өткен, сондықтан сенуге болар

– Жасырын кемшілік жоқтың қасы, егер жарық пен сызат болса, көрініп тұрады

– Инфрақұрылымы дамыған, бәрі бар

– Қоғамдық көлік көп

– Халық біршама қоныстанған аумақ

– Ауласында ағашы бар

– Жөндеу жасамай-ақ қоюға болады

Кемшілігі:

– Ескінің аты ескі

– Инженерлік желі ескеруі мүмкін (ауыз судың сапасы нашарлайды, құбыр жарылуы мүмкін)

– Аулада көлік қоятын жер аз

– Үй қымбат болуы мүмкін (сатушы үйді артық бағалап жібереді кейде)

– Көрші үйді жалға берілген болса, у-шу көп

– Құжат қателік кетуі мүмкін, сатып алу туралы келісімшартты бұзудың себебі көп (мұрагерлік, жалған құжат, үй иесінің басқа да былықтары)

Біз атаған артықшылық пен кемшілік жағдайға байланысты өзгеріп отыруы да мүмкін. Бәрі құрылыс нысанының сапасына, орналасқан аймағына, ғимараттың күтіп-ұсталуына, құрылыс компаниясының біліктілігіне байланысты.

Сондықтан үй аларда бәрін тексеріп, әр нәрсеге мән беріп, жауапкершілікпен қарап алған жөн.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button