Мәдениет
Әлемдегі ең үлкен картина 62 млн долларға сатылды
![](https://qadam.asia/wp-content/uploads/2021/03/dizajn-bez-nazvaniya-52.jpg)
Британдық суретші Саша Джафри әлемдегі ең үлкен «Адамзат саяхаты» атты картинаны сатты.
Картинаның көлемі төрт бірдей баскетбол аумағымен бірдей. Картина суретші күткен бағадан екі есеге қымбат сатылған. Алғашында суретті бөліп-бөліп сатуды көздеген, алайда криптобизнесмен Андре Абдун (француз) картинаны сол қалпында 62 000 000 долларға сатып алған.
![](https://qadam.asia/wp-content/uploads/2021/03/b8211c35-2d296c5beda97a02aa30761fd532c604-1024x666.jpg)
Түскен ақшаның бәрі қайырымдылық қорына аударылды.
Әлемдегі ең үлкен картина Гиннес рекордтар кітабына енген. Оны салу үшін суретші 6 мың литр бояу, мыңнан аса қылқалам және жеті ай уақыт жұмсаған.
![](https://qadam.asia/wp-content/uploads/2021/03/57956aab4b48b308c9c14a13ff775ae9_ce_6048x3773x0x126_cropped_960x600.jpg)