Мәдениет

11 мың жыл бұрын пайдаланған тас құралдар табылды

Түркияның солтүстігінде осыдан 11 мың жыл бұрын пайдаланған тас құралдар табылды.

Артефактар Қара теңіз жағасындағы Трабзон ауданына қарасты Қосқарлы үңгірінен табылған.  Бұл жерде археологиялық қазу жұмыстары 2018 жылдан бері жүріп жатыр.

Тас құралдардың қазіргі таңда б.з.д 10 мың жыл бұрын пайда болған 103 түрі табылды. Құралдар обсидиан және шақпақ тастардан жасалған. Бір қызығы, кей құралдар басқа аймақтарда жасалған. Мәселен, Түркияның Каппадокия аймағында және Грузия мен Армения жерінде. Бұл ертедегі адамдардың жан-жақты болғанын көрсетеді.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button