Мәдениет

12 ай: Атаулар тарихы

Ағылшын тіліндегі ай атаулары шамамен төрт ғасыр бойы Британ аралдарында сақталған Рим дәстүрлерінен алынған. Ежелгі Римде жылына 10 ай ғана болды және жыл басы наурыз айынан басталатын.

ҚАҢТАР

Қаңтар римдік құдай Янустың есімімен аталады. Ол барлық есіктерді, қақпаларды және жолдың алғашқы, соңғы қадамдарын қорғайды. Оның есімі латынның «janua» сөзінен шыққан «есік» және «бастау» дегенді білдіреді. Янус көбінесе алға және артқа қарап бейнеленген екі жүзі бар құдай ретінде бейнеленген. «Екіжүзді Янус» – екіжүзді, өтірікші адам дегенді немесе қарама-қарсы мағынаны білдірді.

АҚПАН

Ақпан – februa сөзінен шыққан латынның februarius: римдік дәстүрлі мерекенің құрметіне қойылған. Кейінірек Луперкалияға (құнарлылық мерекесі) айналған римдік салт-дәстүр фестивалінің атауы, ол өз кезегінде Валентин күнімен ауыстырылды.

НАУРЫЗ

Егер құдайлар жайында айтатын болсақ, Марс құдайының жолы болғыш екенін ескере кетейік. Оның құрметіне ай атауын ғана беріп қоймай, планета, тіпті шоколад атауын да берді. Марс – соғыс құдайы болғандықтан, наурыз айында мерекелік жорықтар, серуендеулер ұйымдастырылған.

СӘУІР

Сәуір – рим күнтізбесіндегі төртінші айды білдіретін, латынның Aprillis сөзінен шыққан. Одан ары шығу тарихы жөнінде мәлімет жоқтың қасы. Көнеағылшындық сәуір айы кейде «Қайта түлеу» мәнін білдіретін Eastermonab деп те аталған.

МАМЫР

Атлант құдайының қызы, Герместің шешесі Майя құдайдың құрметіне осы көктем мезгілінің соңғы айының атауы қойылған. Ол құнарлылық пен жердің символы болды, сондықтан бұл егін жинау маусымының бірінші айы дегенді білдіреді.

МАУСЫМ

Грек мифологиясынан біз тағы да римдікке жүгінеміз. Маусым атауы  Юпитердің әйелі, неке және аналықтың қамқоршысы Джуно құдайға арналып қойылған.

ШІЛДЕ

Нағыз тарихи тұлғаның есімімен аталған алғашқы ай, әрине, осы айда дүниеге келген Юлий Цезарь құрметіне қойылған.  Бұған дейін шілде Quintilis деп аталған (бұл бесінші деген мағынаны білдіреді). Егер сіз санаудан қателеспеген болсаңыз, онда шілде бесінші ай емес екенін білесіз. Біз қыркүйек пен қазан айларына жеткен кезде осы мәселені қарастырамыз.

ТАМЫЗ

Б.з.б. 8 ғасырда Sextilisайы (алтыншы деген мәнде) бірінші Рим императоры Октавиан Августтың құрметіне аталды. Император болмас бұрын, оны жай Октавиан деп атаған. Содан кейін оның атына латындық augustus (құрметті) атауын қосты. Қазіргі ағылшын тілінде augustus құрметті, әсер ететін деген мәнді білдіреді.

ҚЫРКҮЙЕК

Санауымыздағы сәйкессіздіктердің себебі мынада: Римдік дәстүрді жалғастырсақ, Қыркүйек (septem – жеті) наурыздан басталатын он айлық күнтізбенің жетінші айы деп аталды. Қазіргі таңда бұл жүйе ұмытылса да, атаулары сол күйінше қалған. 

ҚАЗАН

Жоғарыдағы жүйе бойынша octo – латынша сегіз дегенді білдіреді. Қалған екі ай күнтізбенің аяғына қарай алдыңғы 10 айға б.з.б. 713 жылы тіркелген. Тек б.з.б. 153 жылдан бастап Қаңтар жылдың бірінші айы болып есептелді.

ҚАРАША

Қараша – novem(тоғыз) сөзінен шыққан ескіше тоғызыншы ай.

ЖЕЛТОҚСАН

Желтоқсан – decem(он). Бұл сөзден ағылшын тіліндегі Decemberish, Decemberly сын есімдері шыққан.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button