Мәдениет

2021 жылы жарық көретін 5 деректі фильм

Бұрын деректі фильм мен көркем фильм арасында нақты айырмашылықтар болған еді. Бүгінде оны жоқ деуге болады. Қазір кәсіби режиссерлер шындықты әрекетке айналдыру үшін әңгімелеу техникасын қолданып жүр. Qadam.asia редакциясы 2021 жылы жарыққа шығатын деректі фильмдерге шолу жасады.

The Beatles: Қайта оралу (The Beatles: Get Back)

Режиссер: Питер Джексон

The Beatles-дан ықпалды топ жоқтың қасы. Мұны «Сақиналар әміршісі» («Властелин колец») кино-эпосының авторы Питер Джексон да түсінді. 2019 жылы ол Let It Be альбомының жазылуы туралы фильм түсіріп бастады. Джексон архивтегі жарияланбаған материалдарды, 55 сағаттан астам видео мен 140 сағаттық аудионы қолданды. Режиссердің айтуынша, бұл фильм атақты топтың қиындыққа толы өміріне басқа қырынан қарауға мүмкіндік береді. Фильмнің тұсаукесері осы жылдың тамыз айына жоспарланып отыр.

Фильмнің трейлері: https://youtu.be/UocEGvQ10OE

Ағайынды Спаркстер (The Sparks Brothers)

Режиссер: Эдгар Райт

Эдгар Райт авторлық жобаларының тақырыптарын таңдап алады. Майкл Бэй жылына екі-үш фильм түсірсе, Райт екі-үш жыл күтеді. Аталмыш деректі фильм америкалық Sparks тобының шығармашылығына арналған. Бұл топ танымалдылығы жағынан The Beatles-ке жетпейді. Десе де халыққа ықпал етуі жағынан олармен бәсекелесе алады. Әйтпесе, Райт олар туралы толық метражды фильм түсірмес еді. Фильм қаңтар айында «Сандэнс» фестивалінде көрсетілді. Ал фильмнің жалпы тұсаукесері маусым айында болмақ.

Фильмнің трейлері: https://youtu.be/9_PGv4DGMvg

Барлық көше тыныш (All the Streets Are Silent)

Режиссер: Джереми Элькин

Бұл – 80-ші жылдардың аяғында Манхэттеннің орталығын басып алған екі субмәдениет туралы фильм. Скейтбординг пен хип-хоп бірге пайда болып, бірге дамыды. Фильмде сол жылдардың архивінде сақталған түсірілімдер мен әртүрлі мәдениет өкілдерінің сұқбаттары көрсетіледі. Нарратор – Эли Геснер, ал музыкалық сүйемелдеуге продюсер Large Professor жауап берді. Деректі фильм 23 маусымда жарыққа шықты.

Курт Воннегут: Бір уақытта тұрып қалған жоқ (Kurt Vonnegut: Unstuck in Time)

Режиссерлер: Роберт Б. Уайде, Дон Арготт

Роберт Б. Уайде Directed by мемімен ғана танымал емес. Ол «Эмми» сыйлығының, Америка режиссерлеріне арналған Гильдии және Дэнни Томас атындағы марапаттың иегері. 1982 жылы ол жазушы Курт Воннегутпен танысады. Роберт жазушы туралы фильм түсіргісі келеді. Ол жас болғандықтан, бірнеше айдың ішінде деректі фильм түсіретіндей ақша жинаймын деп ойлады. Алайда арада 30 жылдан да ұзақ уақыт өтті. Роберт пен Курт өте жақын достарға айналды. Фильмнің түсірілімі 2007 жылға дейін созылды. Сол жылы Курт Воннегут те қайтыс болды. Бұл оқиға режиссерге және оның жобасына қатты әсер етті. Алайда ол мұнымен тоқтап қалмады. Фильмді осы жылдың соңына дейін көре аласыз.

Фильмнің трейлері: https://youtu.be/c0aU77BxdZE

Бомбалаушы: Адамдарға жасалған қастандық (The Nailbomber: Manhunt)  

Режиссер: Дэниэл Вернон

Бұл – Netflix компаниясының туындысы. Фильм Лондонда болған террорлық актіге байланысты. Netflix 1999 жылы болған үш жарылысты таңдап алған. Оларды қара нәсілділер мен гомосексуалистер қауымдастығына шабуыл жасағысы келген неонацист Дэвид Коэплэнд ұйымдастырды. Ол үш адамды өлтіріп, 140-тан астам адамды мүгедек етті. Алайда Коэплэнд тез табылып, тұтқындалды. Фильмнің тұсаукесері мамыр айында өтті.

Фильмнің трейлері: https://youtu.be/r-Bp2L4UHak

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button