Мәдениет

Халықаралық Букер сыйлығын алғаш рет француз жазушысы алды

Әдебиет әлеміндегі белді сыйлық – Букер премиясының 2021 жылғы жүлдегері белгілі болды. Бұл жолғы марапатты бірінші рет француз жазушысы Давид Диоп алды. Әдеби шығармасының аты – «At Night All Blood is Black» (Түн қараңғысын қан жапты, түпнұсқа атауы – «Frère d’âme») романы. Бірінші дүниежүзілік соғыстың қасіретін суреттеген.

Француз тіліндегі түпнұсқаны ағылшыншаға аударған – Анна Московакис. Сыйақыны да екеуі бөліп алмақ. Ал сыйақы көлемі – 50 мың фунт стерлинг (30 млн теңге).

Давид Диоп – Парижде дүниеге келгенмен, тегі – африкадан. Бірақ балалық шағы Сенегалда өткен. Қазір Францияның По қаласындағы университетте XVIII ғасырдағы әдебиет бойынша сабақ береді.

«At Night All Blood is Black» романы – Диоптың екінші романы. Бұған дейін де халықаралық жүлделерді алған екен. Солардың бірі – Еуропаның Strega премиясы. Қазір еңбек әлемнің 13 тіліне тәржіма жасалып жатыр.

Роман бірінші дүниежүзілік соғыста Францияның батыс фронтында соғысқан сенегал сарбазының тағдырын баяндайды. Шығарманың өзекті ойы – отаршылдық өктемдік.

Айта кеткен жөн, биылғы Халықаралық Букер сыйлығының шорт-тізіміне аргентин журналисі Мариан Энрикес, Чили жазушысы Бенжамин Лабатут, дат Ольги Равн, тағы бір француз Эрик Вюйяр және ресей ақыны Мария Степанова бар.

Премия жайлы

Халықаралық Букер сыйлығы – ағылшын тіліне аударылған әрі Британия мен Ирландияда басылған үздік шығармаларға берілетін, әдебиет саласындағы белді премиялардың бірі. 2004 жылы қаланған. 2016 жылға дейін екі жылда бір рет берілетін. Қазір жылына бір рет беріледі.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button