Мәдениет
Лондондағы кинофестивальде қазақ режиссері үздік атанды
Отандық режиссер Шарипа Уразбаева Лондонда өткен 22-халықаралық «Rainbow Film Festival» кинофестивалінде «үздік режиссер әйел» атанды.
Бұл атақ режиссерге «Мариям» фильмі үшін берілді.
Фильм шалғайдағы ауылда қыстап қалған Мариям атты әйел туралы. Ол – төрт баланың анасы, күйеуі отбасыны асыраймын деп кеткеннен оралмаған.
«Күтпеген жаңалық. Лондондағы кинофестивальде үздік режиссер әйел атандым», – деп жазыпты Шарипа Уразбаева Instagram желісіндегі парақшасында.