Мәдениет

Білім министрлігі латын қарпінің тағы бір нұсқасын жасап шықты

«Ашық НҚА» сайтында «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшірудің кейбір мәселелері туралы» президент жарлығының жобасы жарияланып, қоғам назарына ұсынылды.

Құжат қоғамдық талқылауға 2021 жылы 6 мамырда ұсынылған.

«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, № 50-51-52, 326-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын«, – деп жазылған құжат жобасында.

Жобада қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшірудің келесідей нұсқасы ұсынылған.

«Жарлық жобасы қазақ тілінің латын графикасына негізделіп жетілдірілген әліпбиін бекітуді көздейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметіне қазақ тілінің емле ережелерін бекіту бойынша өкілеттік береді«, – делінген құжатта.

Енді ҚР Үкіметі қазақ тілінің латын графикасына негізделген емле қағидасын бекітеді.

«Жоба латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің жаңа редакциясын, жазу нормаларын тұрақтандыратын, жаңа әліпбимен дұрыс  жазу мәдениетін қалыптастыратын қазақ тілінің емле ережелерін бекітуді көздейді«, – деп жазған білім министрі Асхат Аймағамбетов түсініктеме жазбада.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button