Мәдениет

Netflix 2020 жылдың ең үздік туындыларын жариялады

Танымал америкалық Netflix сервисі биылғы жылдың қорытындысын шығарды. 2020 жылы қандай фильмдер мен сериалдар резонанс тудырғанын бірге оқиық.

Биыл сұранысы ең жоғары жанр – драма болған. «Ақ жолақтар» («White Lines») және «Hollywood» сериалдары көрерменнің ерекше ықыласына бөленген.

Ал пандемияның екінші толқыны кезінде ең танымал сериал «Патшайымның гамбиті» («The Queen’s Gambit») және ең танымал фильм «Enola Holmes» болды.

Драма жанрынан кейін ең көп қаралғандар – комедия жанры болып шыққан. Жетекші орындағы комедиялық фильмдер мен сериалдар:

  • «Думанды жұп» («Holidate»);
  • «Жыныстық тәрбие» («Sex Education»);
  • «Эмили Парижде» («Emily in Paris»);
  • «Бұл маған ұнамайды» («I Am Not Okay with This»);
  • «Hubie Halloween».

Бәрінен бұрын балаларға «Қашқындағы Спанч Боб» («The SpongeBob Movie: Sponge on the Run») комедиялық мультфильмі ерекше ұнаған.

Сондай-ақ, биыл өзге елдердің де көптеген фильмдері мен сериалдары көрерменнің көзайымына айналды:

  • «Қағаз үй» («La Casa de Papel») (Испания) –  92 елде үздік ТОР-қа кірген;
  • «#аман қалу» («#saraitda») (Оңтүстік Корея) – 90 елде үздік ТОР-қа кірген;
  • Ragnarok (Норвегия) – 89 елде үздік ТОР-қа кірген;
  • «Қаңғыған оқ» («Balle perdue» (Франция) – 89 елде үздік ТОР-қа кірген.

Ең көп көрілім жинаған деректі фильмдер:

  • «History 101»;
  • «Сексті түсіне білу» («Sex, Explained»);
  • «Дэвид Аттенборо: Біздің ғаламшардағы өмір» («David Attenborough: A Life on Our Planet»);
  • «Әлеуметтік дилемма» («The Social Dilemma»).

Netflix-тегі ең танымал спорттық жобалар ретінде «Соңғы би» («The Last Dance») деректі сериалы және жоғарыда аталған «Патшайымның гамбиті» («The Queen’s Gambit») сериалы тізімнің алдыңғы қатарына шықты. Осы сериалдар жарыққа шыққаннан кейін бүкіл әлемде шахматқа деген қызығушылық екі есеге артқан.

Netflix өз көрерменін алдағы жылы қандай туындылармен қуантатынын білгіңіз келе ме?

«Qadam.asia»

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button