Мәдениет

«Оскар-2021»: Жеңімпаз фильмдердің тізімі

2021 жылдың 25 сәуір күні түнде Лос-Анжелес қаласында «Оскар» жеңімпаздарын марапаттау салтанатты кеші өтті. Марапаттау салтанаты жылдағыдай емес, тыныш әрі тез өтті.

Ал биылғы «Оскарды» АҚШ-та түсірілген «Көшпенділер жері» фильмі алды. Фильм үш бірдей марапат алды: ең үздік фильм, ең үздік режиссура (режиссері – Хлоя Чжао), ең үздік әйел рөлі (Фрэнсис МакДорманд).

Қытай елінің тумасы Хлоя Чжао болса, «Оскарды» алған осымен екінші әйел.

Ал ең үздік ер адам рөлін «Әке» фильміне түскен Энтони Хопкинс алды.

Шет тіліндегі үздік фильм номинациясын дат режиссері Томас Винтерберг түсірген «Тағы бір реттен» фильмі алды.

Үздік қысқа метражды фильмді «Екі бейтаныс жан» алды.

Үздік қысқа метражды анимациялық фильм: «Қандай да бір жағдай болса, мен сізді жақсы көрем»

Үздік анимациялық фильм: «Жан»

Үздік қысқа метражды деректі фильм: «Колет»

Үздік деректі фильм: «Менің ұстазым-осьминог»

Үздік композитор: «Жан» анимациялық фильміне ән жазған Трент Резнор, Аттикус Росс, Джон Батисте

Үздік монтаж: Миккел И.Г. Нилсен («Металл үні»)

Үздік оператор: Эрик Мессершмидт («Манк»)

Ал «Оскарға» ұсынылған «Борат 2» фильмі құр қол қалды.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button