Мәдениет

Қазақы таным: Ұл балаға арналған ерекше есімдер

Әбілқайыр – хан

«Адамға дүниеге келгенде берілетін есім оған өмір жолында бағыт сілтейтін жарық жұлдыз іспетті: өмір бойы жанында болатын алғашқы және қасиетті белгілердің бірі» дейді Бауыржан Момышұлы. Адамның есімі тағдырына әсер етер қару. Сондықтан балаға ат берерде абай, ықтиятты болған абзал.

Кейде халқымыз танымал тұлғаның есімін, көңілі түскен тілегі мен арманына лайықтап ат беріп жатады. «Қазақта қанша сөз болса, сонша есім бар» дейді Герольд Белгер. Балажан халқымыз есімді есіркеп, ырымдап қояды. Егер тарихымызды сүзіп шықсақ, небір керемет есімдерге көзіміз түседі. Сондай есімді қазіргі ұрпаққа аманаттап, заманға лайықтап жаңарту да біздің міндет.

Ендеше Qadam.asia редакциясы қазақ тарихына бір үңіліп, ұл балаға арналған ерекше есімдерді жинақтап көрді.

Абат – парсы тілінен аударғанда гүлденген жер, бай өлке дегенді білдіреді. Асан Қайғының екінші әйелінен туған ұлы.

Абылмансұр – Абылай ханның бала күнгі аты. Ақын Әріп Тәңірбергенұлының жұбайы Мөнтиден көрген ұлы.

Ағзам – ұлы, зор, ең үлкен, ең маңызды деген мағынаны береді. Жазушы Мұхтар Әуезовтің екінші әйелі Сақыштан туған үшінші ұлы.

Адай – жазушы Сәбит Мұқановтың немересі.

Азаматгерей – күйші Дәулеткерейдің ұлы.

Айбар – ақын Мұқағали Мақатаевтың ұлы.

Айбарыс – ай және барыс сөздерінің қосылуынан жасалған.

Айбат – айбын, айбар.

Айбатыр – басқалар істей алмаған ерлікті іске асырсын деп берілген есім. Айбатыр Махмұдов – палуан, Қазақстанның бірнеше дүркін және Азия чемпионы.

Айберген – ақын Төлеген Айбергеновтің әкесі. Ақан сері Қорамсаұлының інісі.

Айболат – ай және болат есімінен қосылған.

Айбұлан – ай және бұлан есімінен құралған.

Айдарәлі – даңқты, жолы болғыш.

Айдархан – әнші Күләш Байсейітованың нағашы атасы.

Айдынәлі – айдын және әлі есімінен құралған.

Айжарық – ай және жарық есімінен құралған.

Айқан. Айқанов Әбілсейіт – қазақтың атақты палуаны, еркін күрестен КСРО-ның екі дүркін чемпионы.

Айқуат – өте қуатты. Айқуат Жүсіпов 1942 жылы Холм қаласы маңында болған шайқаста ерлікпен қаза тапқан қазақ жауынгері.

Айман. Айманов Шәкен – кино және театр режиссері, артист.

Айса – Иса пайғамдарды қазақтар осы атпен атайды.

Айсауыт – ерлігі мол, жігерлі деген мағынаны береді.

Айтөре – ай және төре сөздерінен біріккен есім.

Айхан – жазушы Оралхан Бөкейдің ұлы.

Ақәділ – өте әділ, турашыл.

Ақбала – әдемі, жаны таза дегенді білдіреді. Ақбала Жанқабылов – күйші.

Ақберен – батыр киетін сауыт, ең асыл болатын. Ақберен Елгезек – ақын.

Ақкенже – жанұяның кенже перзенті.

Ақмадия – тағы бір ерекше есім.

Ақмерген – арманына жетсін деген тілекпен қояды.

Ақназар – Хақназар есімінің бір нұсқасы.

Ақпейіл – ниеті түзу, ақ.

Ақпарақ – жаны кіршіксіз таза.

Ақтөре – әділ басшы.

Алан – ақын Фариза Оңғарсынованың немересі.

Алдияр – ханға қарап айтылатын сөз. Батыр Ақша Есенгелдіұлының ұлы.

Алтын – тот баспайтын металл. Денсаулығы мықты, өмірі ұзақ болсын деген тілекпен берілген есім.

Алтынсары – ағартушы Ыбырай Алтынсариннің әкесі.

Алтынтөре – алтын және төре есімдерінің қосылысы.

Ардаби – Ер Тарғынның немересі.

Арлан – қасқырдың еркегі. Суретші Әбілхан Қастеевтің немересі Асқардың жиен немересі.

Арнұр – жазушы Әзілхан Нұршайықовтың ұлы. Ақын Мұзафар Әлімбаевтың ұлы. Жиембет жыраудың шөбересі.

Артур – кельт тілінде «аю» мағынасын береді.

Аршын. Аршын Қабылбекұлы – суретші.

Асфендияр. Санжар Асфендияров – көрнекі мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы.

Асылер – асыл ер.

Аттила – ғұн мемелекетінің басшысы.

Ахмадия – Ақан серімен бірге жүрген әнші.

Ахмедияр – пайғамдардың досы деген мағынаны береді. Күйші Қаршыға Ахмедиярұлының әкесі.

Ахмет – Мұхаммед пайғамбар есімінің қысқа нұсқасы. Даңқы, мақтаулы деген мағынаны береді. Жиембет жыраудың інісі. Ахмет Байтұрсынұлы – ағартушы ғалым, қоғам қайраткері.

Аят – Құран сүрелерінің бір шумағы. Ақын Кенжеқұл Дәулетаевтың ұлы.

Әбумүслім – ақын, жазушы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің Әбен аталып кеткен інісі.

Әбунасыр – Әбунасыр Әл-Фараби – ғалым.

Әбілқайыр – хан.

Әбілқасым – Қазақстанның әнұранын жазған Шәмші Қалдаяқовтың ұлы.

Әлижан – рухы мықты, жаны биік.

Әлихан – билігі өте күшті адам.

Әрсен. Театр және кина артисі Әмина Өмірзақованың немересі.

Бағлан – жетілген семіз қозы. Әнші Роза Бағланованың атасы.

Баламер – ақын Мұзафар Әлімбаевтың ұлы. Баламер Сахариев – әдебиет сыншысы.

Баязит – Осман империясының билеушісі. Жазушы Ғабит Мүсіреповтің ұлы.

Бекназар – Бек және Назар есімдерінен құралған.

Берен – темір сауыт, асыл болат.

Биназар – Би және Назар есімінің қосылысы.

Ғазез – ақын Ақыт Үрімшіұлының ұлы.

Ғайса – Иса пайғамбардың қазақша айтылуы. Ғайса Қашқынбай – алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі.

Даниял – ақын Абайдың інісі Кәкітайдың ұлы.

Даян – тағы бір ерекше есім. Моңғол жұртын қытай империясына қарсы біріктірген даңқты қолбасшы.

Едіге – батыр әрі хан. Ноғай ордасының билеушісі. Ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының немересі. Жазушы Мұхтар Мағауиннің ұлы.

Еламан. Жазушы Ғабит Мүсіреповтің төртінші атасы.

Еларыс – білікті, қадірменді, абзал.

Елсияр. Елсияр Қанағатов – педагогика ғылымдарының кандидаты.

Ерасыл – Қабанбай батырдың бала күнгі есімі.

Ербұлан – ер және бұлан есімдерінің қосындысы.

Ербота – ер және бота есімдерінің қосындысы.

Ержомарт – жүрегі жомарт батыр.

Ертарғын – Ер Тарғын батыр.

Ертұран – Тұранның батыры.

Есбатыр. Жазушы Ғалия Есбатырованың атасы.

Есдәулет. Ақын Ұлықбек Есдәулеттің атасы.

Ескендір – Александр Макендонскийді түркі халықтары осылай атаған.

Жансаят – жаны саят жігіт.

Жансүгір. Ілияс Жансүгіровтің әкесі.

Жантөре. Ахмет Жантөрин – сұлтан, төрелер мен қожалардың шежіресін жинаушы.

Жауһар – тағы бір ерекше есім.

Жаһанша. Жаһанша Досмұхамбетов – ХХ ғасыр басында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қоғам қайраткері.

Жоламан. Жоламан батыр – Кенесары Қасымұлының көтерілісіне қатысқан батыр. Қажымұқан Мұңайтпасұлының бесінші атасы.

Зайып – жар, жұбай. ХХ ғасырда қазақстардың Тибет, Үндістан, Пәкістан арқылы Түркияға қоныс аударған көшін бастаған азаматтардың бірі.

Заңғар. Суретші Әбілхан Қастеевтің немересі.

Зейнұр. КСРО Халық артисі Шолпан Жандарбекованың бауыры.

Зейін. Зейін Шашкин – жазушы.

Зият. Ақын Шәкәрім Құбайбердіұлының ұлы.

Зия. Зия Мәмиұлы – ақын.

Имамәлі.

Имандос – досқа адал болсын деген ниетте қояды.

Кейкі – батыр. Амангелді Имановпен бірге соғысқан халық батыры.

Келбет – түр, түс, кейіп мағынасын беретін көркем есім.

Кензат – кен және зат сөздерінен құралған.

Ұқсас мақалалар

Back to top button