Мәдениет

Ресей Кенесарының бас-сүйегін елге қайтаратын болды

Қазақтың ұлы ханы Кенесарының Ресейде жасырынған бас-сүйегі табылды. Мұны Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов хабарлады.

«Мені ұлы ханның бас-сүйегін қайтару жөніндегі сарапшылар комиссиясының құрамына қосты. Бүгіннен бастап ұлттық тарихымызда жаңа кезең басталмақ. Бір-бірімен дос, серіктес қос мемлекет – Қазақстан мен Ресей бейбіт әрі тату қарым-қатынасының жаңа бір кезеңіне аяқ баспақ.

Мен Ресей Мәдениет министрлігі тарапынан Кенесары ханның бас-сүйегін қайтару жөніндегі ресейлік сарапшылар комиссиясының құрамына ену туралы шақыруды алдым. Мен келістім. Мәселе мынада… Ұлы ханымыз Кенесарының басы табылды!

Бірақ оның қай жерден табылғанын мен білсем де айта алмаймын! Өйткені бұл елшілік сыр, дипломатиялық қарым-қатынасқа жат нәрсе. Бірақ ханның бас-сүйегін қайтару туралы ұсынысты Ресейдің өзі жасады! – деп жазды профессор Facebook-тегі парақшасында.

Тарихшының айтуынша, келесі жылы Кенесарының туғанына 220 жыл толмақ.  

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button