Мәдениет

Самал Еслямова «Мəдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

2018 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағы берілген Самал Еслямоваға «Мəдениет саласының үздігі» төсбелгісі берілді. Марапаттаған – ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

ҚазАқпарат агенттігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, кеше Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасын өткен. Аталған қойылымда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Самал Еслямова жас Абайдың анасы Ұлжанның рөлін сомдады.

Спектакльді көруге келген мәдениет министрі Ақтоты Рахметоллақызы қойылым біткен соң сөз сөйлеп, Самал Еслямоваға Ресей кинематография өнері академиясының «Ника» жүлдесін табыстап, былай деп құттықтады:

«Құрметті Самал Ілиясқызы!

Сізді бүгінгі марапаттарыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

2018 жылы көрерменге жол тартқан «Айка» фильмі көпшілік пен киногерлер тарапынан жоғары бағаланып келе жатқанына қуаныштымын. Расында бұл туынды кейіпкері өмірдегі күрделі сәттер арқылы бізге ой салып, жігерлендіреді.

Талайлы тағдыр иесінің жағдайы көрген жанды толғандырады. Жан дүниесін бір ысытып, бір суытып, әлеуметтік мәселелердің өзектілігін жүрекке жеткізеді.

Кино әлемінде кеңінен танылған Канн кинофестивалінен кейін осы «Ника» жүлдесіндегі «Үздік әйел рөлі» номинациясындағы жеңіс Сіздің бұдан да биік белестерге бастай беруіне тілектеспін. Лайым талғампаз көрерменді немқұрайды, жайбарақат қалдырмайтын фильмдеріңіз бен образдарыңыздың қатары арта берсін! Сіздерге зор денсаулық, толайым табыс пен шығармашылық шабыт тілеймін!» – деп министр «Ника» жүлдесін табыстады.

Сонымен қатар, министр Ақтоты Рахметоллақызы театрдың жетекші актрисасы Самал Еслямова мен бірге «Айка» және «Тюлпан» фильмін ғана емес, барша қазақ өнерін Самалдың жеңісі де әлемге танылуына себепкер болған режиссердің де үлкен жұмысы екенін атап өтіп, оның режиссерлік еңбегіне одан да жоғары шығармашылық табыстар тілеп, ресейлік режиссер Сергей Дворцевойды «Мəдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button