Мәдениет

Қазақстанның Tokyo олимпиадасындағы киім үлгісі үздік деп танылды

Tokyo 2020 Олимпиадасында қатысып жатқан 8 елдің спорттық киім үлгісі үздік деп танылды. Оның ішінде Қазақстан да бар. Бұл жайлы Forbes.com хабарлады.

Қазақстан спортшыларының өздері атсалысып, киім формасын тігуге, дизайнерлік үлгіні таңдауға үлес қосқан олимпиадалық юниформасы үздік деп танылды.

«Олимпиадалық киім формасының сыртқы келбеті жарасымды, әдемі болғаны жақсы, әрине. Бірақ ең алдымен спортшыға киіп жүруге ыңғайлы болғаны жөн. Сондықтан киімнің матасын, эскизін өзіміз таңдадық», – дейді дзюдошы, Рио Олимпиадасының жүлдегері Елдос Сметов.

Қазақстан спортшыларының олимпиадалық киім үлгісінің дизайнері –  Салтанат Баймұхамедова.

«Ашық көк түс – қазақ даласының шексіз келбеті, ашық аспанның бейнесі. Көк түс – Алматыны бейнелесе, ақ түс – Елорда. Екі ірі қаланың модалық бәсекесі бұл. Спортшылардың менің дизейнерлік формамды таңдағанына қуандым әрі рухтандым. Олимпида біткеннен кейін де олар осы киімді киіп жүреді. Оны өздері айтты. Сондықтан киімді «спорт-шик» стилінде тіктік», – дейді дизайнер.

Ал Forbes.com сайты «Қазақстан спортшыларының киімі – ұлттық рух пен мәдениеттік дәл көрсеткен киім формасы» деп бағалаған екен.

Айта кеткен жөн, Қазақстанмен бірге АҚШ, Ресей, Қытай, Жапония, Чехия, Оңтүстік Африка, Либерия елдерінің киім үлгілері үздік деп танылды.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button