Мәдениет

Түріктер Қожа Ахмет Ясауи жайлы телехикая түсірді

Түркияда Қожа Ахмет Ясауидің өмірі жайлы телесериал түсірілді. Телехикаяның атауы – «Мавера». Яғни, көне османлы тілінен аударғанда «тылсым дүние», «дүниенің арғы беті» деген мағынаны білдіреді. Режиссері – Йүджел Хүдаверд.

Тағы бір айта кетерлігі, Қожа Ахмет Ясауи өмірінің көпшілік біле бермейтін, беймәлім қырларын баяндайтын бұл фильм Қазақстанда да көрсетіледі. Бұл ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның Түркияға барған сапарында белгілі.

ҚазАқпарат ХАА-ның мәліметінше, бұл телехикая Қазақстан көрермендері үшін де қызықты болары хақ. Телехикаяда Ясауидің Арыстанбаптан алған құрма дәнегінің құрма ағашына айналу оқиғасы, дәруіштер хикаясы, тарихтағы алғашқы Алып-ерендер оқиғасы тартысты беріледі.

Сапар барысында Аида Балаева ТРТ телерадиокомпаниясының басқарма төрағасы Ибрахим Еренмен кездесіп, Қазақстанмен бірлескен жобалар әзірлеу жайында сөз қозғады. Атап айтқанда, түркі жұртына ортақ тарихи тұлға – Қорқыт ата туралы бірлескен сериал түсіруге уағдаласты.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button