Саяхат

Бүгін – Халықаралық Тау күні

Халықаралық Тау күні 2003 жылдың қаңтарында өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 57-ші сессиясының шешімі бойынша бекітіліп, содан бері атап өтіліп келеді.

Көбіміз үшін тау демалыс орны болса, кейбіреулер үшін өмір сүретін орын. Жер шарының шамамен 4/1 алып жатқан таулар адамдардың 10 пайызға жуығының баспанасы.

Тауда өмір сүретін халықтар негізінен кедей болып келеді және үнемі табиғи апаттардан зардап шегеді. Олар өмір сүретін биік тауларда инфрақұрылым толық дамымаған. Кейде адамдар тіптен жедел жәрдем шақыра алмайды. Таудың биігіндегі халықтарда азық-түлік резерві атымен жоқ, жейтін тамағын табиғаттың өзінен алады. Бірақ олар осынау қатал табиғатпен үйлесімде өмір сүріп жатыр.

Халықаралық Тау күнін атаулы датаға қою идеясы – табиғаттың, әсіресе, тау ресурстарының адам өміріндегі маңыздылығын насихаттауға негізделген. Себебі, негізгі ауыз су қоры, пайдалы қазбалар, энергия көздері, жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер тауда орын тепкен.

«Qadam.asia» Халықаралық Тау күніне орай әлемнің ең сұлу тауларының фото-галереясын ұсынады.

Әлемнің ең сұлу таулары

«Qadam.asia»

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button