Саяхат

Алматыда қалай аз қаржымен қыдыруға болады? (видео)

Оңтүстік астананы көргісі келмейтін жан жоқ. Ел азаматтары тұрмақ, шетелдіктердің өзі Алматыны бір көріп, ғашық боп қалады. Қаланың жылу сыйлар, жазға бергісіз көркі мен әсем табиғаты, тарихқа толы тағдыры мен жанға жайлы ерке мінезі кімді болсын жаулап алары анық.

Шетелге бармас бұрын өз еліңнің көркі келісті, болмысы бөлек мекендерін аралап көз тойдырған жөн емес пе?! «Қалауын тапса, қар жанар» демекші, ебін тауып аз қаржыға-ақ ақындар «Ару Алматы» деп жырлап кеткен алма-қаланы емін-еркін аралауға болады. Қымбатқа қыдырғыңыз келсе де, мархаббат!

Ендеше ForteTravel ұсынған «Енді не істейміз?» туризм шоуының Алматыға арналған алғашқы шығарылымын тамашалайық.

Алматыны қалай арзан және қымбат қыдырудың жолдары, аралайтын жерлері баяндалған. Алма қалаға ат басын бұруға берері мол.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button