Саяхат

Бурабай демалыс аймағы туралы сіз білмеген 5 дерек

Бурабай – Қазақстанның туристік картасында алдыңғы орындардан көрінетін жер. Солтүстік өңірдің сұлулығы туралы Сәкен Сейфуллиннің өзі айтып кеткен. Бурабайға келген кез келген адам бұл жердің табиғатынан ләззат алып қана қоймай, өлең жазып, сурет салуға деген шабытын да оятады.

Бүгін сіздерге Бурабай туралы, табиғаты әсем жерге барудың 5 түрлі себебін айтып береміз.

АБЫЛАЙ ХАН АЛАҢЫ

Солтүстікке сапар шегіп жатсаңыз, ең бірінші көру керек қасиетті жерлердің бірі. Бұл жер халық үшін бұрыннан қасиетті саналған. Абылай хан алаңы Бурабайдағы естен кетпес демалыс уақытының есігін ашады. Ескі аңыздарға қарағанда, қазақ мемлекетінің осы бір көрнекті тұлғасы – Қазақ хандығының көсемі және үш жүздің басын біріктірген кемеңгер қолбасшының штабы дәл осы жерде орналасқан. Жұрт есінде ханның билік құрған кезі «Абылайдың алтын ғасыры» деп аталған. «Абылайхан алаңын» кейде Жарық алаң (Ясная поляна) деп те жатады: өйткені Көкшенің тауы сүттей аппақ түнде ай сәулесімен шағылысып, алаңға жарық түсіріп тұрады.

«Абылай хан ордасы» арнайы экспозициялық залымен тарихи-архитектуралық кешені мыңдаған қазақстандықтық тұрақты келетін жеріне және қазақстандықтар ғана емес, алыс-жақын шетелдегі туристердің де көзайымына айналды.

Қайталанбас бұл ескерткіштің микроклиматы да ерекше екенін атап өткен жөн: ауа температурасы мұнда басқа жерлерге қарағанда 2-3 градусқа жоғары. Ал желдің соғу жылдамдығы мен ауа ылғалдығы төмен. Бұл алаңның орналасуына қатысты, оны бір жағынан Көкше тауы, екінші жағынан қарағайлы орман қоршап тұр. Абылай ханның тағы халықтың түсінігінде қасиетті саналады. Қасиетті жерді туристер тек көруге келмейді, сонымен қатар, тақты жеті рет айналып шығады. Себебі жеті саны қазақ үшін қасиетті сан ретінде саналады. Сол жерде тілек тілеп, дұға жасайды және ол орындалады деп сенеді.

RIXOS BOROVOE

Солтүстікке барып, сол жердегі ең керемет орындардың бірі Rixos Borovoe-ге тұрақтау.

Сәнді қонақ үй қарағай мен қайың ормандарымен қоршалған әдемі Щучье көлінің жағасында орналасқан. Бұл жерде сіз тек қана демалып қана қоймайсыз, жоғары деңгейдегі қызмет көрсетуден бастап, шынайы пейзажды, табиғатты тамашалап, таза ауада, дәмді асыңызды ішіп, тамсанып қайтасыз. Қонақ үй айналасында үлкендер мен балаларға арналған алуан түрлі ойын-сауық орындары да бар. Ең керемет әсерді велосипед арқылы қарағайлы орман ішін аралап, өкпеңізді тұп-тұнық ауамен тазарта аласыз. Ал содан кейін шаршасаңыз, SPA-ға барып, рахат алып демалсаңыз болады. Мұнда SPA-ның бірнеше түрі бар: массаж жасау, бассейн және хамам да бар.

Қонақ үй ішінде Rixy Club орналасқан. Rixy Club – кішкентай жеткіншектерге, балаларға таптырмас жайлы, комфорт сыйлайтын, ерекше сервисімен дайындалған балалар клубы.

Жылы әрі жанға жайлы уақытта мұнда: жаяу серуендеуге арналған жол, балық аулайтын орын, 2 теннис ойнайтын орын, футболға арналған алаң бар. Ал қыс кезінде: мұзды сырғанақ, хаскилерге шаңғы жегу, жүгіруге арналған шаңғылар, қарда жүретін көліктер, квадроциклдер, мұзды үйлер бар.

Қонақ үйде уақыттың қалай өтіп жатқанын да сезбейсіз. Шаршағаныңызды басып, ауыр күндерді артта қалдырасыз. Жазда мұнда қайықпен серуендеуге, балық аулау науқанын ұйымдастыруға болады. Ал қыста қонақ күй маңы нағыз Санта-Клаустың әлеміне айналады. Сіз мерекелік кешті тек балаларыңызбен емес, сонымен қатар, өзіңізге де арнап өткізе аласыз. Кез келген адамның жаңа жылда жаңа шабыт, ғажайып дүние күтетіні белгілі ғой. Шаңғыда сырғанау, тілек тілеу, аязды күні ыстық шайдың басында отырып, ән салғанға не жетсін!

Rixos Borovoe әр демалушыға жағдай жасаған. Мұнда қарапайым, жартылай люкс әрі люкс, президенттік бөлмелер, пент-хаус және жеке-дара орналасқан, 6-10 адамдық Familly Villa  да бар. Бұл жерлерде отбасыңызбен, жақындарыңызбен керемет уақыт өткізе аласыз. Тіпті командаңызбен келіп тимбилдинг жасасаңыз да болады.

БУРАБАЙҒА БАРУҒА ТАҒЫ БІР СЕБЕП БАР. ОЛ – ҚЫРЫМ МОНШАСЫ.

Бір емес, үш бірдей қырым моншасы орналасқан. Бір-біріне еш ұқсамайды. Сакральды салтанат жан-дүниеңізге тыныштық сыйлап, өміріңізге қуат береді.

Ең үлкені « Богемия » моншасында ғажайып балдыр үңгірі бар. Балдыр Қара теңіз жағалауынан әкелінген. Моншаның ішінде арнайы бопыр-бөлме орналасқан. Оған кірсеңіз, тұзбен сорғытылған 15 келілік көрпені жамылып жатуға болады. Денедегі суық пен жағымсыз энергияны сорып алады. Моншаға түсушілерге қызмет ететін арнайы персоналдар бар. Түрлі процедуралар өткізеді. Балмен сылау, тұзбен кептіру, бумен сылау, айналдырып булау, денені жуу мен сабалау сынды қызметтерді көрсетеді.

Тағы бір айта кетерлігі – моншаның маңында қазақтың ұлттық киіз үйі орналасқан. Оның ішінде де балдыр үңгір, бопыр мен әткеншек бар. Моншадан жуынып шыққандарға  дәмді, пайдалы тағамдар беріледі. Ішінде қымыз бен балық сорпасы бар.

Одан бөлек Қырым моншаларының аумағанда Сақ моншасы бар. Жердің үстіне салынған бұл монша көлдің жанында орналасқан. Тас көмегімен жағылатындықтан мұндай монша іші керемет ыстық болады. Моншадан шыққаннан кейін қонақтың Щучье көліне сүңгіп, сергіп алуына болады. Бұл ғана емес, суға түсіп болғаннан кейін емдік әрі дәмді, хош иісті шайдан дәм татуға болады.

Қырым моншасы Rixos Borovoeмаңында орналасқан.

БУРАБАЙ МАҢЫНДАҒЫ МЕЙРАМХАНАЛАР ЖЕЛІСІ 

Әрине, көптеген экскурсиядан кейін, велосипедпен серуендеп келгеннен кейін, моншадағы демалыстан соң дәмді ас ішкіңіз келеді. Біз сізге сол мейрамхананы тауып қойдық. Ол – Chalet мейрамханасы.

Мұнда өзгеше бір атмосфера бар. Жылу сыйлап тұрған от және ағаш үстелде отырған қонақтар ең дәмді еттен жасалған тағамның дәмін татады. Жергілікті картоппен берілетін қойдың қабырғасынан, кәуаптан және аромат иіс бар шайдан бас тарта алмайсыз. Дәл осы жер, шетелден келген достарыңызды, қонақтарды шақыруға арналған, таптырмас орын. Бұдан басқа Masala, Summer cafe, Bar, L’olivo секілді мейрамханалар желісі орналасқан.

«БИЛЕЙТІН ҚАЙЫҢДАР»

Бурабайдағы тағы бір таңғажайып әрі керемет нысан – «билейтін қайыңдар». Бұл отбасымен, достармен, көңілді компаниямен бірге естен кетпес демалысты өткізуге арналған. Жанға дауасы бар таза ауамен тыныстап, тропикалық орманмен қыдыруға, тауға шығуға, ауыр күндерді артқа тастап, демалуға арналған. Ескерткіш Бурабайдың солтүстік жағалауында жақсы сақталған. Ағаштар жерге дейін басын иіп, сәлем салып тұрғандай.

Діңдерде ұсқынсыз қара өсінділер пайда болған, олар бұтақтарды әртүрлі бағытта майыстырып тұр. Кейбір қайыңдар енді жер бойымен созылып жатыр, содан кейін сынғандар спираль тәрізді бұралып, ебедейсіз бұралып, кенеттен аспанға көтерілгендей әсер қалдырады. Басқалары басқаша бір биде бұралып, қошқар мүйізге иілген бейне қалдырады. Кей қайыңдар қартайып, қарайып кеткен. Ал көктемнің басталуымен оларда ашық жасыл оюлы жапырақтар пайда болады.

Дереккөз
Фото

Ұқсас мақалалар

Back to top button