Технология

Әлемнің кез келген жеріне 2 сағатта барғың келе ме?

Әлемді айтпағанда қаладан ауылға жету үшін бір күн, үш күн жүретін біздер үшін бұл арман, аңыз әрі миф секілді.

Ғылым мен білім дамыған сайын нарыққа бейімделу, жаңа дүниені игеру қиындап барады. Соңғы 10 жыл ішінде технология жыл емес, күн санап дамыды. Көз ілеспес жылдамдықпен дамыған технологияға ілесе алмаған елдер мұнай мен газына, жер байлығына ғана сенім артып отыр. Оның өзінде оны өндіру үрдісін әлі қолға да алмаған.

Әлемнің кез келген жерін 2 сағатта жетуге бола ма?

Ақылға қонбайтын ертегі секілді. Біз үшін ертегі, жапондар үшін бұл енді мақсат, қаңқасы бар, болжап отырған межесі бар жобаға айналды.

Жапония біз айтып отырған «аңызға» алдағы 20 жылда жетеміз деп кесіп айтты. 17 мамыр күні Mainichi ақпараттық агенттігі жапон билігі мен жекелеген компаниялар бірігіп, құрлықаралық «ғарыш кемесін» жасамақ.

Енді ғарыш кемесі жерде де болады.

2040 жылға қарай Жапония үкіметі болжап отырған санға үңілсек, Жапонияға қарай ұшатын және одан ұшып шығатын ғарыш кемелерінің нарықтағы көлемі 5 трлн. иенге жетуі мүмкін. Бұл дегеніміз 46 миллиард доллар.

MEXT әртүрлі континенттерде орналасқан ірі қалалар арасындағы рейстер екі сағатқа дейін созылатындығын айтып отыр. Болашақта жоғары жылдамдықтағы рейстерге сұраныс тек артып, ал жиі рейстер ұсынатын компаниялар ірі тасымалдау нарығын құрайтын болады.

«Шіркін, құс секілді қанатым болса ғой, әлемді бір-ақ күнде аралайтын едім…» дейтін арманның орындалатын күні де жақын…

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button