Алаяқ ноутбук камерасын қолданып картадан ақша жымқыруы мүмкін
Алаяқтар ноутбуктың камерасын пайдаланып банк картасының деректерін алып, қаскүнемдік жасауы мүмкін. Осылай дейді Ресей маманы, «ТОК-медиа» платформасының SMM-бөлімінің басшысы Евгений Кочергин «Говорит Москва» радиосына берген сұқпатында.
Сарапшының айтуынша, бөгде адамның ноутбугын бұзу, камерасына қол жеткізу өте оңай. Жасөспірім күнінде өзі де істеп көрген екен.
«Біреудің ноутбугының камерасын бұзу оп-оңай. Бір жағынан қызық. Арнайы бағдарлама жүктеп алсаңыз жеткілікті. Троян вирусын флешкамен жіберу арқылы біреудің компьютеріне оп-оңай жол табуға болады. Оны ноутбуктың иесі сезбейді де. Қаскүнем біреу бопсалап бастағанда бір-ақ білуі мүмкін. Компьютердің алдында отырып, банк картасын талай ұстаған боларсыз. Картаның ары-бері айналдырып, нөмірін де, артқы СVC-кодын да камераға көрсетіп қалуыңыз мүмкін. Міне, сонымен бітті!» – дейді Кочергин.
Сарапшының өзі ноутбугының камерасына қағаз жабыстырып қояды екен. Әрі басқаларға да солай етуге кеңес берді.
Сөз соңында маман «компьютер не ноутбукта троян вирусы болса, тезірек бағдарламашыға апару керек немесе жүйені қайтадан орнату (переустановка) қажет» дейді.