Технология

Apple көктемгі презентациясында қандай жаңа өнімдер ұсынды?

20 сәуір күні Apple компаниясы жаңа өнімдердің көктемгі презентациясын өткізді, сондай-ақ қолданыстағы гаджеттердің жетілдірілген нұсқаларын ұсынды.

Көктем маусымындағы таныстырылымда Apple беделді жаңа өнімдерін ұсынған жоқ. Дегенмен, қызықты дүниелер бар.

Күлгін түсті iPhone 12 және iPhone 12 mini

iPhone 12 смартфондары жаңа түспен толықты. Осы жолы ерекше күлгін түске тоқталыпты. Бұл смартфон бүгіннен бастап сатылымға шығады да, 30 сәуірден кейін Қытай, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, тағы басқа 30 елге тарала бастайды.

Жоғалған заттарды табуға арналған AirTag трекерлері

Гаджет шағын дөңгелек кілт сақинасы түрінде жасалған. Оның су өткізбейтін, кіріктірілген динамигі бар және Bluetooth LE сымсыз технологиясымен жұмыс істейді. Құрылғы жоғалған заттың орналасуын картадан көрсету арқылы құлаққаптан бастап автомобильге дейін кез-келген нәрсені табуға мүмкіндік береді.

Apple компаниясы бұл құрылғы құпиялылық ережелеріне сай және онымен адамдарды қадағалау мүмкін емес деп уәде беріп отыр.

AirTags 29 доллар тұрады (12 528 теңге). АҚШ-та 23 сәуірден бастап сатылымға шығады, ал кейінірек басқа да нарықтарда пайда болады деп күтілуде.

Жаңарған iPad Pro

Apple, сонымен қатар, 11 және 12,9 дюймдік жаңартылған iPad Pro нұсқасымен таныстырды.

Бұл iMac-тағы M1 чиптің қуатымен бәсекелес чипі бар алғашқы iPad болады. Планшет 5G қолдайды.

iMac жаңа желісі

Жаңа iMac-та қалыңдығы 11,5 мм болатын 24 дюймдік 4,5K Retina дисплейі бар M1 процессоры болады. Компьютер күміс, көк, күлгін, қызғылт, қызғылт сары, сары және жасыл – жеті түсте болатындығы айтылды.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button