Технология

Дәл қазір сатып алуға болатын 5 робот: бағасы қанша тұрады?

Кейде жұмыстан шаршап келгенде бірдеңе тындыруға зауқымыз соқпайды. Қолымызды ұзартып, көмекке келетін роботты сатып алатын уақыт жеткен сияқты. Барлығы автоматтандыруға бет бұрған қазіргі технологиялық заманда роботқа ақша жұмсау жақсы шешім болмақ. Сіз ақшаңызды бір рет жұмсайсыз және бүкіл өміріңізді жеңілдетесіз. Сонымен,қандай робот сатып алуға болады? Qadam.Asia қолжетімді роботтардың тізімін ұсынады.

3-Furby

Furbies – көңіліңді көтеретін интерактивті роботтар. Балалар да, ата-аналар да бұл робот ойыншықтарды жақсы көреді. Алғаш рет 1998 жылы құрастырылған және содан бері үлкен танымалдылыққа ие. Сүйкімді Furbies өздерінің тілдерінде сөйлейді. Олар билей алады және сенсормен жабдықталған. Бұл роботтардың ең үлкен артықшылығы – бағасының қолжетімділігі. Олардың бағасы 22550 теңгеден басталады.

QB Anybots

QB – қашықтықтан басқарылатын виртуалды робот. Роботтың негізгі идеясы – иесінің белгілі бір уақытта кездесуге немесе жиналысқа қатыса алмаған жағдайында иесінің орнына қатысу. QB – жіңішке екі дөңгелекті робот, ол қозғалады және сіздің атыңыздан физикалық қарым-қатынас жасай алады. Роботта сіздің бетіңізді көрсететін веб-камера мен экран бар. Осы робот арқылы сіз бизнесіңізді үйде отырып-ақ басқара бересіз. Немесе балаңыз ауырып жатса, сабаққа робот арқылы қатысуға болады. Роботтың бағасы 6 264 000 теңге тұрады.

Keecker

Егер сіз ойын-сауыққа арналған робот іздесеңіз, Keecker ең жақсы таңдау болмақ. Роботта картинаны кез-келген қабырғаға тарататын кірістірілген прожектор бар. Сол арқылы сіз кино көре аласыз, вебсерфингпен айналыса аласыз, музыка тыңдап, видео ойындар ойнап, видео қоңыраулар шала аласыз. Keecker, сонымен қатар, ылғалдылық пен температура деңгейін өлшеуге қабілетті және де дыбыс динамикасын реттей алады. Бағасы 1 600 000-2 000 000 аралығында.

Orbit Mobile Brain-Controlled Helicopter

Бұл таңғажайып робот сіздің миыңызға сәйкес жұмыс істей алады. Ол өзі басқарылатын ЭЭГ гарнитурасымен жабдықталған. Робот физикалық кері байланыс орната алады. Қолданушы берілген тапсырмаға толық назар аудара отырып, психикалық тұрғыдан тыныш күйде болғаны жөн. Роботты Wi-Fi немесе Bluetooth арқылы Android немесе iOS құрылғыларымен пайдалануға болады. Бағасы – 79 000 теңге.

Nabaztag Ears

Қоян тәрізді түрлі-түсті ұзын құлақтары бар бұл роботтың атқаратын жұмысы көп. Бұл робот жаңалықтарды хабарлайды, оятқыш қызметін атқарады, ауа райы мәліметтерін көрсетеді, электронды поштадағы хабарламаңызды оқып береді, MP3 ойната алады, т.б. Робот ақпаратты хабарлау үшін дауыстап сөйлейді немесе белгі ретінде нысаналық шамдарды пайдаланады. Nabaztag ағылшын, француз, голланд, неміс, испан, итальян тілдерінде сөйлей алады. Роботты PHP, Python, Perl немесе Java-мен бағдарламалауға болады. Бағасы 5000-6000 теңге көлемінде.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button