ЖаңалықтарСеріктес материалыТехнология

HONOR Kantar BrandZ-тің «Инновацияларға шабыттандыратын жұлдыз» сыйын жеңіп алып, Қытайдағы ең үздік дамушы 100 брендтің BrandGrow рейтингісін басқарды

Бұл марапаттар брендтің тұтынушылық инновацияларға деген талпынысын, сондай-ақ премиумизация және жаһандану стратегияларын жүзеге асырудағы табысын көрсетеді.

HONOR ғаламдық технологиялық бренді Шанхайда өткен Kantar BrandZ China Gala Event 2023 гала-концертінде «ақылды құрылғылар» санатында «Инновацияларға шабыт-тандыратын жұлдыз» (Inspirational Star of Innovation) сыйын алғанын жариялады.

BrandZ рейтингтері бүкіл әлемде маркетинг тиімділігінің маңызды көрсеткіштері ретінде танылған. Kantar BrandZ-тің бағалау әдістемесін және деректерін әлемдік жетекші қаржы мекемелері менұйымдары маңызды көрсеткіштер ретінде пайдаланады, бұл брендтерге өздерінің тиімділігінжақсырақ бағалауға мүмкіндік береді. Kantar Group-тің бағалауы бойынша HONOR «Маңыздылық индексі», «Сұраныс күші индексі» және «Shaking Things Up (әлемді дүр сілкіндіру) индексі» салаларында жетекші орындарға ие. Сонымен қатар, HONOR «ақылды құрылғылар» санатындағы басқа брендтерден асып түсіп, «Инновацияларға шабыттандыратын жұлдыз» сыйын алды.

Сол уақытта, Мяожен маркетинг ғылымдары академиясы (MAMS) 2023 жылғы «Қытайдың 100 үздікдамушы бренді» тізімін жариялады. Әлеуетті активтерді бағалағанда 3,8 трлн-нан астам юань, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 70,8 млрд. юаньға немесе 23%-ға көбірек, HONOR компаниясы екінші жыл қатарынан тізімде бірінші орынды иеленіп келеді.

«Әлеуетті актив» терминін MAMS алғаш рет дамушы брендтердің өсу әлеуетін бағалау үшін негізгі қаржылық көрсеткіш ретінде енгізді. Бағалауда брендтің ағымдағы құны да, оның ішкі және сыртқы өсу факторларына негізделген өсу әлеуеті де ескеріледі. Бұл ретте тұтынушыларға арналғансауалнама деректері, Интернеттегі аудитория көлемі мен Baidu индексі, инвестициялық институттардың берген бағасы және жария қаржылық деректер ескеріледі.

HONOR халықаралық нарықтарда айтарлықтай табыстарға қол жеткізді, кейбір нарықтардағы сатылымдар үш есе өсті, ал ағымдағы жылдың алғашқы бес айында сатылымдардың жиынтық көлемі өткен жылғы жалпы көлемнен асып түсті. Бірінші жартыжылдықта марка жеткізілімінің өсімі Еуропада, Таяу Шығыста және Африкада – 130%-дан асты, ал Латын Америкасында – 230%-дан асты.

Бұрынырақ, өткен айда HONOR компаниясы IFA 2023 көрмесінде ең жеңіл және ең жұқа жиналмалы телефон HONOR Magic V2-ті  және концептуалды смартфон HONOR V Purse-ті көрсеткен болатын.Сол кезде HONOR Magic V2 «Best of IFA»-дің 21 қалаулы марапатына ие болды, ал HONOR V Purse дүние жүзінен келген танымал БАҚ-тың 9 марапатына ие болды.

Ұқсас мақалалар

Back to top button