ЖаңалықтарТехнология

Израильдің әлемге қосқан 10 ғаламат үлесі

Әлем дамып жатыр, өзгеріп жатыр дегенді жиі естиміз. Алайда сол дамып жатқан ғылымның адам қолынан, адам идеясынан туатынын ескере бермейміз. “Steppe and World” баспасы аударған және басып шығарған Йориш Авидің “Инноватор бол” еңбегінен алынған, Израильдің әлемге қосқан 10 үлесін ұсынып отырмыз.

1948 – Өзін-өзі қорғау жауынгерлік өнері

Имре Лихтенфилд қоян-қолтық ұрыс дегенді білдіретін “Крав маганы” ойлап тапты. Бұл өзін-өзі қорғау жүйесі айкидо, дзюдо, бокс пен күресті қамтиды.

1955 – Күн сәулесімен жылытатын су коллекторы

Доктор Гарри Цви Табор күн энергиясын жинайтын қарайтылған металл панель ойлап тауып, оны ыстық су коллекторына ажлғады. ДУд шемеш деп те айтылып жүрген күн энергиясымен жылытқыштың осы жаңа түрі турбинадан гөрі көбірек су ысытып, көбірек электр қуатын өндіреді.

1955 – Қозғалыс арқылы сезіну

Моше Фелденкрайз кеудені тіс ұстауға септесетін (“Фелденкрайз әдісі” деп аталған) физиотерапиялық жаттығулар жүйесін жасады.

1958 – Би тілін ойлап табу

Ноа Эшкол мен Абраһам Вакман қозғалысты бүкіл әлемде түсіну және қайталау мүмкін болсын деп, революциялық таңбалау жүйесін жасап шығарды. Қозғалыс тілімен би, физикалық терапия және хайуан мінез-құлқын жазуға болады.

1961 – Геотермал турбина

Доктор Гарри Цви Табор мен доктор Люсьен Иехуда Броницки күн нұры солғын кезде де электр генераторын іске қосуға балама сұйықтық қолданатын күн қуатымен жұмыс істейтін турбина жасап шығарды. Броницки мен оның әйелі Дита Ormat жаһандық компаниялары арқылы бұл инновацияға геотермал энергияны ұтымды қолданып келеді.

1963 – Марихуананың химиялық құрылымы

Рафаел Мешулам марихуанадағы каннабидиол (CBD)және тетрагидроканнабинол (THC) сынды белсенді қосылыстардың химиялық құрылымын тапты, бұлар кейіннен өзге ауралармен қатар аяқ-қол тартылып қалуын емдеуге қолданылды.

1965 –Заманауи тамшылатып суғару

Симча Бласс пен “Хатцерим” кибуці Netafim фирмасын құрып, әлемдегі ең бірінші заманауи тамшы ирригаторын жаппай өндіру үшін келісімшартқа қол қойды. Ирригатор фермер, кооператив пен үкіметтерге көмектесіп, суды үнемдейді.

1967 – Шашыраңқы склероз дәрісі

Майкл Села, Рут Арнон мен Двора Тейтелбаум ШС симптомдарын азайтатын синтетикалық заттармен эксперимент жасай бастады. Отыз жылға жуық уақыттан кейін АҚШ-тың өнім мен дәрі-дәрмек сапасын қадағалау басқармасы осы үш ғалым Teva Pharmaceuticals компаниясымен бірлесіп шығарған Copaxone дәрісін қолдануға рұқсат берді.

1973 – Бұзып кіру мүмкін емес есік пен құлып

Авраам Бахри мен Моше Долев тілдері бүкіл есік жақтауына кіріп тұратын Rav Barich геометриялық есік құлыбын ойлап тапты. Төрт жылдан кейін екеуі осы құлып орнатылған Pladelet болат қауіпсіздік есігін жасап шығарды.

1976 – Масаны табиғи үркітуші

Доктор Иоель Маргалит бацилус турингиенсис (Bti)деген, маса мен шыбынның көп түрін қыратын микроб агентті тапты. Бұл табиғи агент пестицидтерден арзан әрі тиімді. Сонымен қатар қоршаған ортаға зиян келтірмейді.

Жалғасы бар…

Ұқсас мақалалар

Back to top button