Технология

Карантиндегі ТОП 5 пайдалы гаджеттер

Карантин кезінде өзін дамытуға, денсаулығына мұқият көңіл бөлуге тырысып жүрген жандарға арнап көмекші құрал ретінде ең пайдалы гаджеттер тізімін ұсынамыз.

Xiaomi Ninebot by Segway Kickscooter ES4 электросамокаты

Пандемия кезінде қоғамдық көлікпен жүру қауіптірек болып тұр. Автобуста, метрода вирус жұқтыру мүмкіндігі жоғары екенін бәріміз де білеміз. Сондықтан, Xiaomi Ninebot by Segway Kickscooter ES4 самокатын карантиндегі ең қажетті гаджеттердің қатарына жатқызамыз. Самокатпен маңызды кездесулерге де барып, күздің салқын желіне бетіңізді тосып, дүкеннен нан алып, қоқыс шығарып келуге де болады.

Samsung Galaxy Tab A 8.0 балаларға арналған планшеті

Мектептер мен балабақшалар жұмыс істемегендіктен, балалардың үйде іштері пысып жүргендері белгілі. Мазасы қашқан балаңызды қалай алдандыру керектігін білмей жүрсеңіз, Samsung Galaxy Tab A 8.0 планшеті көмекке келеді. Бұл модель барлық отбасы мүшелеріне арналған. Арнайы балалар режимінде LEGO ойындары, видеолар арқылы білім алу, ойын форматында бағдарламалауды үйрену секілді пайдалы контенті бар.

Huawei фитнессағаты

Ұзақ уақыт карантинде үйде болу спорттық жаттығулардан бас тартуға себеп болмауы керек. Huawei Watch Fit жаттығу процесін ұйымдастыра отырып, денеңіздің көрсеткіштерін қадағалауға және жақсы күйде сақтауға көмектеседі. Батареясын күні бойына небәрі бес минут ішінде толтыруға мүмкіндік беретін тез қуаттау технологиясымен жабдықталған. Және он күн бойы қуаттауды қажет етпейді.

Smart Anti-Snore қорылмен күресетін кілемше

Қорылдаған дауыстан көпшілігіміз ұйықтай алмаймыз. Онымен күресу де оңай шаруа емес. Сондықтан ең тиімді әдісі ретінде ұйқының тыныштығын бақылайтын Smart Anti-Snore «ақылды» кілемшесін атап өтуге болады. «Ақылды» кілемше ыңғайлы ұйқы, қорылды жеңілдету және өмір сапасын жақсарту үшін жасалған таптырмас құрылғы. Оны жастықтың астына салып ұйықтау керек. Кілемше денсаулыққа қауіпсіз Bluetooth арқылы жұмыс істейді. 

Okira Led Ring 336 CY сақиналы шамы

Карантин кезінде көпшілігіміз үйде отырған соң, жаңадан іс бастап көргіміз келеді. Мәселен, көптен бері блогер болуды ойлап жүрсеңіз немесе онлайн курстар өткізгіңіз келсе, үй жағдайында фото, видео түсіру үшін сапасына алаңдамасаңыз да болады. Өйткені, OKIRA LED RING 336 CY сақиналы шамымен студиядағыдай эффектті үйіңізде-ақ қамтамасыз ете аласыз. Сақинада 336 диод бар. Жинаққа 2 метрлік штатив, смартфон мен камераға арналған қондырғы кіреді. 

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button