Жаңалықтар

Түркістан халқы шетке көп көшіп жатыр

Туған жері мен өскен өлкесін тастап, басқа аймаққа көшіп жатқандардың көбі – Түркістан облысының жұрты екен. Бұл жайлы ҚР Ұлттық статитистика бюросының деректерінен белгілі болды.

Ал жұрттың бәрі көшіп барып жатқан аймақтарға Елорда, Алматы және Шымкент қалалары мен Маңғыстау облысы жатады. Жарты жылдың ішінде Алматы қаласына 14 мыңға жуық, Елордаға 11 мыңға жуық, Шымкентке 8 мыңнан аса адам көшіп барған.

Ал жұрты көп көшіп жатқан аймақ – Түркістан облысы. Жарты жылдың ішінде бұл облыстан 12 мыңға жуық адам көшіп кеткен. Көбі (8 мыңнан астамы) Шымкент қаласына қоныстанған екен. Қалғандары Алматы мен елордаға жол тартқан.

Ұқсас мақалалар

Back to top button