Жаңалықтар
«Алтын белгі» алудың талаптары қиындамақ
![](https://qadam.asia/wp-content/uploads/2021/08/belg3-780x470.jpg)
«Алтын белгі» алудың талаптары күшейтілмек. Енді жылдық баға ғана емес, 5-11 сынып аралығында тоқсандық баға да 5-тіктен кем болмауы тиіс. Осылай дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
«Алтын белгіні» берудің талаптарын жыл сайын қараймыз. Былтыр да біршама өзгеріс енгізгенбіз. Келесі жылы да енгізілмек», – дейді министр.
Оқушылар алты жылдың ішінде 28 тоқсан оқиды. Ал «Алтын белгі» иегерлерінде сол тоқсандықтың бірде-бірінде төрттік баға болмауы тиіс.