Жаңалықтар

Енді мектеп директоры 5 жылға тағайындалады

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындаудың амал-шарты өзгерді. Бұл жайлы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Енді бұл мәселемен аудандық ведомстволар емес, облыстық білім беру басқармалары айналысады.

Мектеп директорына қойылатын талаптарға тоқталсақ, үміткердің мұғалім ретіндегі еңбек өтілі кем дегенде 5 жыл, меңгеруші ретіндегі жұмыс тәжірибесі болуға тиіс. Сонымен бірнеше кандидат соңғы екі жылда білім беру саласында еңбек еткені ләзім.

Оған қоса, кәсіби біліктігін жоғарылату курсынан өтіп, менеджмент саласын меңгергенін дәлелдейтін сертификат ұсынуы қажет. Бүгінде елімізде 700-ден астам мектеп директорының орны бос. Олардың орнына мекемені уақытша міндетін атқарушылар басқарып отыр.

Жаңа ережеге сәйкес, директордың міндетін атқарушы бұл лауазымда үш айдан артық қызмет ете алмайды. Сондай-ақ директордың міндетін уақытша атқаруға тек бір рет мүмкіндік беріледі. Осы аралықта байқау өткізіліп, жаңа директор тағайындалуға тиіс.

Мектеп директорының орны босай салысымен, бұл қызметке байқау жарияланғаны туралы ақпар ресми сайтта және білім басқармасының аккаунтында жеті күнге қойылады.

Ұқсас мақалалар

Back to top button