Жаңалықтар

Бензин үнемдеудің жолдары

Жанар-жағармайдың бағасы қымбаттап жатқанда, оны үнемеудің жолын білген аса маңызды. Ендеше сарапшылар бензин үнемдеудің қандай жолдарын ұсынады екен, соған көз жүгіртейік.

1-жолы. Көп кездесетін лайфхактың бірі – автокөлікті газға ауыстыру. Газдың бағасы бензиндікінен арзан. Газ қондырғысын орнату біршама ақша тұрады. Бірақ уақыт өте келе өзін ақтайды.

2-жолы. Ақырың жүру, ақырың тоқтау. Стартты жылдам бастаған, жұлқынып тоқтаған көлік бензинді көп тұтынады. Одан кейін, трасс жолда 120 шақырым жылдамдықтан асырмаған жөн. Одан асырсаңыз, бензин жағу үдейді.

Түзу жолда сізден озып кетіп, кейін жанармай құю станциясында тоқтап тұрғандарды жиі көресіз. Қанша жылдам жүргеннің өзінде оған жетіп алуыңыз оңай. Оның үстіне, үнемдейтін уақытыңыз да анау айтқандай көп емес. Мәселен, 500 шақырымды 160-пен жүріп өткен жүргізушінің 120-мен келе жатқан адамнан озатыны – жарты сағат қана.

Ұқсас мақалалар

Back to top button