Жаңалықтар

Елге Қытайдың тағы бір вакцинасы жеткізілді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жақын арада Қытайдан тағы бір вакцинаның түрі келетінін айтқан еді. Бұл вакцина – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған екпе.

Бүгін, 10 тамыз күні, Қытайдан Sinopharm вакцинаның алғашқы партиясы Алматы қаласына келіп жетті.

Бейжіңнің биологиялық өнім институты жасап шығарған коронавирусқа қарсы бұл вакцинаны Қазақстан 4 млн дозасын алуға келісімшарт жасаған. Алғашқы партиямен 1 млн данасы жеткізілді.

«Sinopharm вакцинасын тасымалдау жеңіл. Мұздатқыш керек емес. 2-8 градус температурада тұра береді», – дейді ҚР ДСМ.

Аталмыш екпені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2021 жылы 7 мамырда мақұлдаған. Инактивті екпе, екі дозадан тұрады. Сақтау мерзімі – 2 жыл.

Бұл вакцина – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған қытайдың алғашқы вакцинасы. Қазір 45 елде қолдануға рұқсат берілген.

 

Ұқсас мақалалар

Back to top button