Қазақстандарға тегін білім беруге әзір 7 мемлекет
Бұл 7 мемлекетте қазақстандықтарға ЖОО-да тегін білім алуға болады.
Чехия
Чехияда шетелден келген азаматтарға мемлекеттік ЖОО-да тегін білім алуға барлық мүмкіндік жасалған. Тек міндетті түрде чех тілін білуіңіз керек, өйткені сіз жоғары білімді сол тілде аласыз. Білім алу барысында өмір сүруге кететін шығынды өз қалтаңыздан шығарғаныңызбен, үлгеріміңіз жақсы болған жағдайда шәкіртақы иегері атануға мүмкіндік бар.
Словакия
Словакияда оның мемлекеттік тілі – словак тілін білсеңіз ғана, жоғары оқу орнынан тегін түсе аласыз. Сондықтан оқуға түсу үшін өзіңіздің деңгейіңізді, кем дегенде B1-B2 сертификатымен растауыңыз керек. Емтихан Братиславада жылына 4 рет өтеді. Бағасы – 120 еуро.
Германия
Германияда университеттер мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Сондықтан мұнда білім алу жергілікті әрі шетелдік студенттерге тегін. Студенттер тек семестрлік жарна төлейді. Германияда ақысыз білім негізінен неміс тілінде жүреді, сондықтан университетке түсу үшін тілді C1 деңгейінде білетініңізді растауыңыз керек.
Франция
Францияның мемлекеттік университеттерінде білім алу ел азаматтары үшін де, шетелдіктер үшін де тегін. Ең бастысы – француз тілін жоғары деңгейде меңгергенін дәлелдеу (бірінші курсқа түсу үшін B2 расталған деңгейі қажет).
Оқу тегін болғанына қарамастан, студенттер жыл сайынғы шамамен 250 еуроны құрайтын жарнаны төлеуі керек.
Сондай-ақ, мемлекеттік, әлеуметтік және университеттік стипендиялар сізге оқу шығындарын айтарлықтай төмендетеді.
Венгрия
Венгрияда жоғары білім алу ақылы. Алайда ТМД студенттері үшін үкіметтің Stipendium Hungaricum стипендиясын алуға әрі сол арқылы Венгриядағы кез келген мемлекеттік университетте оқуға мүмкіндігі бар. Қаржыландыру GPA негізінде тағайындалады және тек оқу ақысын ғана емес, тұрғын үй, тамақтану және басқа шығындарды да қамтиды. Оқу ағылшын және венгр тілінде өтеді.
Түркия
Түркия Республикасы тарапынан бөлінетін «Türkiye Bursları» стипендиялық бағдарламасы Түркияға оқуға түсуді армандаған қазақстандықтар үшін ең тиімді бағдарлама. Стипендия оқу ақысын, бір жыл тегін түркі тілі курсын, ай сайынғы стипендияны, медициналық сақтандыруды екі бағытқа әуе жолы билеттерін , тегін жатақхана мен екі мезгіл тамақты, академиялық / мәдени және басқа қосымша бағдарламаларды қамтиды.
Польша
2020 жылдан бастап Польшада поляк тілінде білім шетелдіктерге C1 деңгейінде емтихан тапсырған жағдайда тегін. Көп университеттерге тек мектеп аттестатындағы бағалар жеткілікті, ал кейбіріне нақты пәндер бойынша емтихандарын тапсыру қажет болуы мүмкін.
Польшада өмір сүру құны салыстырмалы түрде төмен екенін айта кету керек.
Дайындаған: Жансая Олжабек