Жаңалықтар

Қазақстандық бес боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық бес боксшы жастар арасындағы Азия чемпионатының финалында жұдырықтасады.

Дубайда (БАӘ) бокстан жастар мен жасөсрірімдер арасында Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Құрлықтық доданың жартылай финалдық бәсекелері басталып, финалға жолдама алған спортшылар белгілі болды.

Жарыстың басты фавориті саналған жастар арасындағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай жеңісті жолын жалғастырып келе жатыр. Ол жартылай финалда өзбекстандық Мухаммодкадир Мамыржоновтан басым түсті.

Санжардан бөлек финалға тағы төрт қазақстандық боксшы жолдама алды.

60 келі: Ерасыл Ермек – Абдурахим Якубов (Тәжікстан) – 5:0

86 келі: Темірлан Мұқатаев – Арген Бақтыбеков (Қырғызстан) – 5:0

54 келі: Айшагүл Елеубаева – Мухлиса Хушвактова (Өзбекстан) – 5:0.

63 келі: Милана Аюпова – Мохира Ахмедова (Өзбекстан) – 3:2.

 

Дереккөз
Olympic.kz

Ұқсас мақалалар

Back to top button