Жаңалықтар

Қытай маскі экспорттап 53 млрд доллар пайда тапты

Медмаскі бәрібір қымбаттап кетті

Қытайдың медициналық қорғаныш құралдарын экспорттау көлемі 4 есе өсті. Бұл жайлы Петерсон әлемдік экономика институты (PIIE) хабарлады.

Аспан асты елі 2019 жылы медициналық қорғаныш құралдары экспортынан 22,9 млрд доллар пайда тапса, 2020 жылы – 88,1 млрд доллар табыс тапқан.

Былтыр медқұралдардан түскен табыстың 53,8 млрд доллары, яғни, 75 пайызы медициналық маскіні экспорттаудан келген.

Қытай маскі өндірісін қанша ұлғайтса да, бағасын арзандата алмады. Керісінше, бір маскі мен респираторды экспорттау құны бір жылдың ішінде 720 пайыз қымбаттап кеткен. Ал қорғаныш киімдерінің құны 5 есе қымбаттаған екен.

Ұқсас мақалалар

Back to top button