Жаңалықтар

Тарбағатайда түркі кезеңіне тән алтындар табылды

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында жатқан «Елеке сазы» қорымынан сирек кездесетін екі археологиялық артефакт табылды. Шамамен 6-8 ғасырға тиесілі қос алтын әшекейде Батыс Түркі қағанатының билеушілері бейнеленуі мүмкін дейді археологтар.

Мына екі алтын салпыншақтың Тарбағатай өңірінен табылғанына 1 ай да болған жоқ. Археологиялық қазба жұмыстарына жетекшілік еткен белгілі археолог Зейнолла Самашев.

«Батыс түркі мемлекетінің жергілікті бір қағанның соның құрметіне қойылған кешенді аштық. Ол кездегі әдет-ғұрып бойынша сол қағанды өртеген. Өртеген жерінде үлкен храм жасаған екен», – дейді археолог.

Қос әшекейге мұқият зер салсақ, бірінің пішіні жақсы сақталған. Басына тәжін киіп тақта отырған қаған бейнесін көруге болады. Екінші жәдігердің сол жақ шеті балқып кеткен. Алайда ондағы бейненің бет кескіні анық көрінеді.

«Көне түркі қағанының тақта отырғаны жанрлық композициямен бейнеленген. Екі жағында екі көмекшісі бар. Тізесін бүгіп ана кісіге табақ әкеліп тұр. Табақпен тамақ әкелді ме немесе жазулар жазылған бірдеңе әкеліп тұр ма оны артынан тексереміз», – дейді Зейнола Самашев.

Дереккөз
24.kz

Ұқсас мақалалар

Back to top button