Ғылым

Кітап қай кезде «наркотикке» айналады?

«Кітап маған тақтан да қымат» деген Шекспирдің осы нақыл сөзі біреуге керек, біреуге керек емес те шығар. Алайда кітаптың тақтан да биік әрі қымбат екенін түсінген патшалар мен даналар оған өз бағасын берген.

Кітапты оқудың қажеті не? Кітап оқысам ұйқым келеді немесе қалай том-том кітапты шыдап оқуға болады? Осындай сұрақ жалпы халық арасында кеңінен тараған. Әсіресе жастардың кітап оқуға деген ниеті жақсы да, оқуға келген кезде шаршап қалатыны бар. Не істеуге болады?

Qadam.asia сіздерге кітап оқуға арналған бірнеше ережені ұсынады. 

Астын сызып оқыңыз

Егер кітап сіздікі болса, онда әр оқған бетіңізден керек деген сөздің, сөйлемнің тіпті мәтіннің астын сызып қойыңыз немесе түсті маркермен үстінен бояңыз. Бұл кітапты қорлау емес, керісінше, кітапты ынтамен, есте сақтай отырып оқудың бір әдісі. 

Неге кітап оқығанда ұйқы келеді?

Ол сіздің кітап емес. Ол сізге мүлде қызық емес. Ол кітап тіпті сізге ешқандай білім де беріп жатқан жоқ. 

Кітап оқыған кезде адамның энергиясы тасып тұруы керек. Ұйқының орнына жаңа идея, жаңа леп пайда болуы тиіс. Егер дәл осылардың бірі де болмаса, онда сіз өзіңізге қатысы жоқ кітапты оқып отырсыз.

Кітап оқу мен мамандықтың қатысы бар ма?

Инженер үшін әдеби кітап немесе өзінің мамандығына қатысы жоқ бір саланың кітабын оқу, бастапқыда қиын болуы мүмкін. Сондықтан ең бірінші кітапты қай мамандықта оқисың, сол салаға қатысты бастап көру керек. Мәселен, дәрігер мамандығында оқитын студент үшін немесе сол мамандық иесі үшін медицнаға қатысты теориялық, практикалық болмаса сол салада жазылған түрлі жанрдағы кітапты оқуға болады. 

Кітапты бос уақытта оқымайды

Кітап оқуға уақыт жоқ. Мына нарық заманында еш нәрсеге уақыт жоқ. Бәр тапшы. Алайда кітапты бос уақытта емес, арнайы уақыт бөліп оқу керек екенін білесіз бе?

Кітап та гүл секілді. Оған да бағбан керек секілді, оқырман керек. Себебі кітап сізге тегін білім, тәжірибе, дүниетаным мен идея береді. Осының бәрін қорытып жетістікке жетесіз.

Күніне кем дегенде кітап оқуға 1 сағат арнасаңыз да жетеді. Жұмыста, үйде, қыдырып жүрген кезде болсын сәл қол босай қалсаңыз, кітапты ашып жіберіп, оқып жатқан жеріңізден жалғастыра беріңіз. Дәл осы кезде жоғарыда айтқан астын сызу немесе үстінен маркермен бояп қою әдісі көмегін тигізеді.

Кітап пен адам энергиясы 

Адам бойында көзге көрінбейтін тартылыс энергиясы бар. Ол сіздің кез келген бір іске ниетпен, құлшыныспен кіріскен кезіңізде пайда болады. Кітап оқыған кезде де осы энергия оянады. Себебі сіз қолға алған кітаптан білім алғыңыз келеді, білмегенді сұрағыңыз келеді, осы кезде мидағы нейрондар да соған қарай дайындалады. Нәтижесінде білім де аласыз, сұраққа жауапты да аласыз. 

Білім мен табыс 

Әлемдегі миллиардерлердің сұқбатын тыңдап отырып, «кітап оқымадым, байып кеттім» дегені жоқ. Бәрінің де табысқа жетуіне кітап әсер еткен. Неге кітап соншы құнды?

Кітап біреуден айтқанын немесе көшедегі әңгімені үйлестіріп жаза салған шимай емес. Оның құнды болуына бірден-бер себеп, авторы мен сол кітапты дайындаған адамда. Соның өмірлік тәжірибесі, білімі, ғылымға қосқан үлесі, одан қалды түрлі жанрдағы шығарманы ұйқастырып оқырманға керек қызықты әрі танымдық дүниені ұсынуы. Міне, сондықтан да кітап оқыған кезде оның авторына да, мазмұны мен тақырыбына да мән берген дұрыс. 

Кітапқа «ұстазым» деп қараңыз

Кітап жалғыз қалғанда серік, қараңғыда жарық беретін, сізден ақы талап етпейтін ұстаз. Қиналған кезде, жұмыста немесе өмірде жауабын таба алмайтын сұрақ болса, кітаптан іздеңіз. Оны жазған автордың өмірлік тәжірибесі, көрген қиындықтары сіздікімен ұқсас болса, керегімді таптым дей беріңіз. Өйткені ол сізге адасқанда көрінетін маяк секілді.

Кітаппен сөйлесіңіз

Кітапқа жанды зат деп қараңыз. Әр оқуға отырған сайын одан «бүгін не оқимыз? Қандай қызық күтіп тұр?» деп сұраңыз (іштей болсын). Ол сізге жауапты әр сөзін оқыған кезде береді.

1 кітап пен 10 кітап

Бірінші рет кітап оқыған адам бірден түсініп кете алмайды. Сөздік қоры аз, ойы шашыраңқы әрі жүйе болмайды. 10 кітап оқығаннан кейін барып әр кітапты түсіне бастайсыз. Бірінші оқыған кітапта жазылған ойды тек оныншы кітапты оқыған кезде түсінуіңіз мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.

Кітап қай кезде «наркотикке» айналады?

Кітап сізбен сөйлескен күні. Кітап сізбен мида сөйлеседі. Қалай сонда? Бұл сұрақтың жауабын алғыңыз келсе ОҚЫҢЫЗ!

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button