Бизнес

7 жасар қазақ баласы – ТМД-дағы ең жас геймер

Видео ойындарды негізінен жастар ойнайтыны белгілі. Бұл дәстүр алғашқы ойындар пайда болғаннан бері және осы уақытқа дейін жалғасып келеді. Соңғы жылдары технологияның, байланыс сапасының қол жетімділігіне, белсенді дамуына байланысты ойыншылардың орташа жасы айтарлықтай төмендеді. Өздеріңіз білетіндей, қарапайым видео ойын хоббиі мен киберспорт өзара тығыз байланысты. Мультиплеерлік құрылымға бағытталған заманауи тенденциялар киберспортшы болуды армандайтын жас геймерлерді қызықтырады.

Әлемде киберспортта нақты жетістіктерге жетіп, кеңінен танымал болған өте жас киберспортшылар бар.

Лил «Victor De Leon III» Пойсон – әлемдегі ең жас кәсіби ойыншы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Лил 2 жасынан бастап видео ойындар ойнай бастаған. 4 жасында Нью-Йорктегі жергілікті Halo турниріне алғаш рет қатысыпты. Ал 6 жасында MLG рекрутерлері Лилмен келісімшарт жасасып, оны ең жас кәсіби геймер деп жариялады.

Өткен жылдың желтоқсан айында америкалық Team 33 киберспорттық ұйымы 6 жасынан бастап Fortnite о йнайтын 8 жасар Джозеф «Gosu» Динмен келісімшартқа отырғанын жариялап, ойын қауымдастығын дүр сілкіндірді. Келісімшарт сомасы 33000 долларды құрады, ал қолтаңба бонусы ретінде Джозеф 5000 доллар тұратын қуатты ойын компьютерін алған.

Төрт жыл бұрын Dreamhack Denver Hearthstone Grand Prix турнирінде 11 жасар америкалық Куинн «MTGKid» Клефер нағыз фурор жасады. Жас киберспортшы турнирге қатысушылардың көпшілігінен мықты болып шықты. Ол «тозақтың 9 шеңберінен» өтіп, яғни 7-2 есебімен Швейцарияның топтық кезеңін жарып шығып, плей-офф кезеңіне өтті.

2019 жылы Американың ең танымал ұйымдарының бірі FaZe Clan мультигейминг тарихындағы алғашқы қыз ойыншы – 14 жастағы Солей «Ewok» Уилермен келісімшартқа қол қойғандары туралы хабарлады. Солей ерекше бала болып туған. Оның есту және сөйлеу қабілеті кемшін, сондықтан ол Fortnite-те дыбыстық визуалдаумен ойнайды. Солейдің талантына қызыққан ТimTheTatman, Ninja және DrLupo стримерлері оның жоғары деңгейдегі ойынына тәнті болып, қолдау көрсеткен.

Ал Джейдонның киберспорттық мансабы ойламаған жерден басталған. Әлем чемпионатында 15 жасар ағылшындық жасөспірім ноунеймнен нағыз кәсіби ойыншы деңгейіне бір-ақ көтерілді. Ол командаласы Дэйв Йонг екеуі Fortnite World Cup 2019 чемпионатының финалына өткеннен кейін Lazarus киберспорттық ұйымы Джейдонмен келісімшарт жасасады. Джейдон мен Дэйв Йонг екінші орын алып, 2 250 000 долларды қанжығаларына байлайды.

Қазақстандағы және жалпы ТМД бойынша ең жас киберспортшы – 7 жасар Абулхаир. Ол «Evolution» кланының қатысушысы. Абулхаир бірінші сыныпқа барғанда, сабақтар тым оңай болған соң, бос уақыты да көп болған екен. Солайша жас геймер PUBG Mobile ойынына қызыға бастаған. Абулхаирға дәл осы ойынның ұнайтын себебі: жас пен нәсілге шектеу қойылмайтындығы, тек қаншалықты жақсы ойнайтының мен скилліңе мән беретіндігі.

Абулхаирдың арманы – жақсы компьютер мен веб-камера сатып алу. Сол арқылы жас геймер өзінің Youtube арнасында стриминг жүргізіп, влог түсіргісі келеді. Абулхаир өз арманын орындау үшін Smart Time краудфандиң алаңында өзі туралы жазып, армандарымен бөліскен екен. Жас геймердің арманын орындау үшін көпшілік қаржылай қолдау білдіріп жатыр. «Менің арманым орындалуы үшін барлық жарнамалық шығындарды қосқанда 561 600 теңге жинауымыз керек. Егер нәтижесін көргілеріңіз келсе, менің арманымның орындалуына өз үлестеріңізді қосуларыңызға болады. Мен сіздерді жерге қаратпаймын» дейді жас геймердің өзі.

Баланың арманынан тәтті не бар бұл әлемде? Қолдау білдіргіңіз келсе, осы сілтемеге өтіңіз.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button