Қоғам

Зейнетақы шешіп алған азаматтар қаржысын қайда жұмсады?

2021 жылдың ақпан айынан бастап 26 мамырға дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» 1,3 трлн теңге қаржы аударылған.

Яғни, 160 мың азамат зейнетақы қаржысын шешіп алып, 1 трлн теңгеден астамы қаржыны тұрғын үйін жақсарту мен емделу үшін жұмсаған. Мұны Отбасы банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың үштен бірі – әйелдер (50 236) және үштен екісі – ер адамдар (109 385).

Зейнетақы қаржысын шешіп алған азаматтарды оны қайда жұмсады дегенге келсек, келесідей мақсаттарға қолданған екен.

  • 32 273 клиент «Отбасы Банкіндегі» заем бойынша қарызын төледі (ішінара немесе толық)
  • 25 637 клиент ипотекалық заем бойынша берешегін өтеді, оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруын қоса алғанда (ішінара немесе толық)
  • 82 261 клиент ипотекаға жүгінбей, тұрғын үй сатып алды (толық өтеу)
  • 8 422 клиент тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша «Отбасы банкінен» ипотекалық тұрғын үй заемын  алды
  • 3 953 клиент ипотекалық заем алу үшін бастапқы жарна төледі (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)
  • 2 018 клиент сатып алу құқығымен жалға алу шарты бойынша берешегін өтеді
  • 204 клиент жеке тұрғын үй салу үшін (жер телімін сатып алуды қоса алғанда) пайдаланды
  • 4 853 клиент емделу ақысын төледі.

Зейнетақы төлемдерін қолданғандардың басында – Маңғыстау облысының тұрғындары тұр. Осы өңірдің 28 мыңнан астам азаматы 279 млрд теңгенің қаржысын шешіп алған. Одан кейін Елорда мен Алматы қаласының тұрғындары тұр.

«Біржолғы зейнетақы төлемдерін (бұдан әрі – БЗТ) пайдалану тетігін әзірлеу кезінде банктің мақсаты – клиент үшін процесті мүмкіндігінше ыңғайлы әрі түсінікті ету болды, бастысы – онлайн форматта. Қысқа уақыт ішінде банк enpf-otbasy.kz интернет-ресурсын құрып, БЗТ пайдалану тетігін тез арада іске қосу үшін БЖЗҚ-мен интеграция жасады», – деді банктің Басқарма төрайымы, Ләззат Ибрагимова.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button