Қоғам

Қазақстан ақылы жолдардан 6 млрд теңге пайда тапты

Қазақстанның ақылы автожолдарынан былтыр 5,7 млрд теңге, биыл бірінші кварталда 1,1 млрд теңге пайда тапқан.

Елде қазір ақылы төрт жол телімі бар: Нұр-Сұлтан мен Теміртау тас жолы, Нұр-Сұлтан мен Щучинск тас жолы және Алматы-Хоргос тас жолы. Бұлардың ішінде ең көп пайда әкелген – Нұр-Сұлтан мен Теміртаудың арасындағы магистраль. Түскен табыс – 2 млрд теңгеге жуық. Қалғандарынан 1,6 млрд және 1,1 млрд теңгеден пайда түскен.

ҚазАвтоЖолдың дерегінше, бір жылдың ішінде бұл жолдармен 10,7 млн көлік құралы жүріп өткен екен. Ұлттық операторға түскен табыстың 3 млрд теңгесі жолды жөндеуге, күтіп-ұстау мен салық төлеуге, ауыр техникалар сатып алуға жұмсалған екен.

Ал бүкіл түскен табыстың тек 200 млн теңгесі ғана бюджетке кеткен.

Айта кеткен жөн, биыл 18 жол телімі ақылы режімге өтпек. Шымкент –Өзбекстан шекарасы, Орал – Ресей шекарасы, Ақтөбе мен Орынбор тас жолы, Шымкент – Қызылорда, Ақтөбе – Орал, Атырау – Бейнеу. Ақтау – Бейнеу, Нұр-Сұлтан – Павлодар, Павлодар – Семей – Қалбатау, Нұр-Сұлтан – Қостанай, Павлодар – Омбы тас жолдары.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button