Жаңалықтар

Енді көпбалалы аналарға жәрдемақы басқалай төленеді

Әлеуметтік әмиянның артықшылығы көп

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жәрдемақы алатын азаматтарға әлеуметтік төлемді берудің басқа жолын жасап шығарды. Нақтырақ айтсақ, енді көпбалалы аналар мен басқа да жәремдемақы алушыларға төлем банк картасымен емес, арнайы әлеуметтік әмиян арқылы беріледі.

Мұндай әмиянның артықшықтары бар. Ең алдымен банк, коллекторлардан қорғануға септігін тигізеді. Егер банк азаматты борышкер деп тапса, банк картасын бұғаттап тастауы мүмкін. Ал әлеуметтік әмиянға олай істей алмайды. Сондай-ақ салық органдары да әлеуметтік әмиянға қол сұға алмайды.

«Әлеуметтік әмиянның арнайы мобильді қосымшасы болады. Соны жүктеп алып, электронды ақшаны қажетіңе жұмсайсыз. Әрі әлеуметтік карта не интернет арқылы сауда-саттық жасағаны үшін арнайы бонустар беріледі», – деп түсіндіреді министрлік.

Әлеуметтік әмиян кәдімгі банк картасы сияқты. Ақша аударып, ақша шешіп алуға да болады.

Сондай-ақ, әлеуметтік әмиянмен төленетін кейбір азық-түліктер екі есе арзан бағамен сатылмақ.

Айта кеткен жөн, әлеуметтік әмиян осы жылдың соңына дейін толық енгізіліп бітпек. Келесі жылдан бастап бәрі соған көшеді.

Ұқсас мақалалар

Back to top button