Энергетикалық сусындардың пайдасы туралы эксперт не дейді?
Энергетикалық сусындардың зияны туралы айтатындар көп. Бірақ оның құрамындағы компоненттердің пайдасы туралы көп адам әңгіме қозғай бермейді.
Кофеин – кез келген жақсы энергетикалық сусынның негізгі қоспасы. Бізді таңертең оятып, күні бойы сергек жүруіміздің себепшісі де осы екен. Кофеиннің пайдалы жағын білген адам үш күн диваннан тұрмай Netflix көріп жатқан жанның марафонда жүгіріп бара жатқанын көргенде таңғалмайды.
Таурин – жүректің жеке тренері десе де болады. Бұл аминқышқылы жүректің күні бойы шаршамай жұмыс істеуі үшін күш-қуат береді. Спортшылар неге энергетикалық сусын ішеді, өйткені таурин көру қабілетін жақсартып, физикалық белсенділікті де арттырады.
Гуарана – Оңтүстік Америкада өсетін өсімдіктен жасалады. Энергетик ішудің өзі – жабайы, қауіпті, десе де қызыққа толы, әсерлі Амазонкаға саяхаттағанмен бірдей емес пе?!
Сондай-ақ энергетикалық сусындардың құрамында В дәруменінің барлық жиынтығы бар: В1, В3, В6, В12. Бұл дәрумендер кез келген тағамды энергияға айналдыруға көмектеседі және шаршауды азайтып, зат алмасуды жеделдетеді.
Женьшень – бұл ғасырлар бойы энергияны арттыру және ақыл-ойдың айқындылығын жақсарту үшін қолданылып келе жатқан ежелгі шөп. Ол энергия деңгейін жоғарылатуға, шаршауды азайтуға және ақыл-ой өнімділігін арттыруға көмектесетін өсімдік сығындысы.
Сонымен, энергетикалық сусындар ішкі роботымызбен байланыс орнатудың тамаша тәсілі екен. Бірақ әр нәрсенің тұтыну мөлшері бар. Минералды суды да шамадан тыс ішсеңіз, ағзаңыз шок алады, сол сияқты энергетикалық сусынды күніне бір құтыдан артық ішпеуге тырысыңыз.