Қазақстанда халыққа жақын әлеуметтік жоба іске қосылды
Әлемде төлем жүйелерін әлеуметтік желілермен интеграциялаудың көптеген үлгілері бар: АҚШ-та және басқа да елдерде – Facebook Pay, Қытайда – WeChat Pay, Бразилияда, Үндістанда – WhatsApp Pay, Ресейде – VK Pay. 2017 жылы мессенджерде отырып төлем жасау функциясы – Apple Pay іске қосылған болатын. Америкалық iPhone мен iPad қолданушылары Apple Cash сервисінің көмегімен iMessage арқылы ақша аударымдарын жасап жатады. Мұның барлығы бірінші кезекте тұтынушылардың ыңғайына қарай ойластырылған.
Жақында ғана біздің елімізде де осындай жоба іске асырылды. Ол ForteBank қолға алып отырған – ForteKey пернетақтасы. Бұл пернетақтаның біз жоғарыда атап өткен үлгілерден ең басты артықшылығы – кез келген әлеуметтік желіде отырып–ақ ақша аударымдарын жүзеге асыру мүмкіндігі.
Әлемдік тенденцияларға сүйене отырып және клиенттердің сұраныстарын зерттеу нәтижесінде қолданысқа енген ForteKey пернетақтасы – қолданушылардың уақытын үнемдеуде және тиімділігі жағынан таптырмас көмекші құрал болатыны анық. Өйткені, қазіргідей тынымсыз зулаған заманда халық үшін ең керегі – уақытты үнемдеу, комфорт және кез келген функцияның қарапайымдылығы. Әр адам үшін қаржысын басқарудағы қажетті құралдары жанынан табылғаны маңызды. Осы талаптарға жауап бере алатын аталған пернетақтаны халыққа жақын ең ыңғайлы әлеуметтік жоба деп тануға болады.
Барлығымыз күн сайын телефонымызға телміріп, әлеуметтік желілерді, мессенджерлерді, басқа да қосымшаларды пайдаланатынымыз рас. Күніне қанша адаммен хат алмасып, мәселелерімізді де телефон арқылы шешіп жатамыз. Сондағы ең жиі қолданатын дүниеміз – пернетақта. Үш тілде жасалған пернетақта арқылы хат жазысып отырып, әңгімеңізді үзбестен, банктік операцияларды орындауға болады. Бұған тек қана 20 секунд уақытыңыз кетеді.
Пернетақтаның мүмкіндіктері:
- Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде икемді жасалған пернетақтаны пайдалана алу;
- Шот балансын көру және онымен бөлісу;
- Контакті бойынша ақша аударымдарын жасау;
- Төлемдер жасау;
- Тек ForteBank емес, басқа да банктерге ақша аударымдарын жасай алу.