Бизнес

Amazon-ға Қазақстан ресми түрде енді

Жақында миллиардер Илон Маск Қазақстанға Tesla зауытын ашамын деп еді, енді әлемдегі ең ірі коммерциялық сауда алаңы – Amazon-ға да қазақстандықтардың жолы ашылды.

Қазақстан 20 мамырдан бастап Amazon электронды коммерция платформасының «рұқсат етілген» мемлекеттер тізіміне енді. Мұны елдің сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.

Оның айтуынша, мұны бастаманы шағын және орта отандық бизнестің бірігіп Орта Азияда сауда-саттық орнатуына, аймақтық брендке айналуына мүмкіндік беру үшін бастаған.

«Бізге маңызы зор. Өйткені Amazon – сауда-саттық саласындағы ең танымал сайт. Платформаға 188 елдің сатушы тіркелген. Жүз миллиондаған қолданушысы бар. 200 мемлекеттік азаматтары тапсырыс бере алады», – дейді министр.

Ведомства басшысының айтуынша, елдегі шағын және орта бизнестің 60 пайызы, яғни, 1,9 млн кәсіпкер осы платформаға тіркеліп, сауда-саттық жасауы мүмкін.

Айта кеткен жөн, Қазақстан азаматтарының Amazon-ға бұрын да тапсырыс бере алатын. Алайда кәсіпкерлер тікелей тауар шығара алмайтын. Енді аталмыш электронды дүкенге қазақстандық банктер арқылы төлем жасауға рұқсат етіліп, кәсіпкерлер де заңды тұлға ретінде тіркеле алатын болды.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button